RU

63 жастағы қазақстандық кейуана әлі күнге дейін пәк екенін айтып, ағынан жарылды

Қазақстандық Гүлнар (есімі өзгертілген) өмірлік серігін күтемін деп жүріп жасы 63-ке келгенін де байқамай қалған. Әлі күнге дейін етегін жел көтермеген кейуана пәктігімен таныстарын таң қалдырып жүргенін жасырмайды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Гүлнар Қазақстанның оңтүстігінде мұғалімдер отбасынан шыққан. Кітаптардан оқыған кіршіксіз махаббатқа риясыз сенетін Гүлнар пәктігін сары майдай сақтап келеді.

Құрбылары талай жігітпен кездесіп, талай рет ажырасып үлгеріп жатса, Гүлнар оқуы мен мансабына ғана мән берген. Ол болашақ жарына зор талаптар қояды. Сүйіктісі жоғары білімді, сіңірі шыққан кедей емес, тәрбиелі әрі жақсы адам болуы тиіс.

"Күйеуіммен тек төсекті бөліспеймін ғой. Әңгімеміз жарасып, елдің алдында ұялмайтындай күйеу болуы керек. Мен еркектің мойныма мінгенін қаламаймын. Сол себепті, ол жақсы жалақы табуы тиіс", - дейді Гүлнар.

Тағы оқыңыздар: Ернар Айдар жол апаты алдында пиар жасап, жұртты дүрліктірмек болған

Талай қолын сұрап келген жігіттердің бетін қайтарған Гүлнар сол беті өзіне лайық жар таппаған. Құрбылары әлі күнге дейін Гүлнардың пәк екендігіне күле қарайды екен. Алайда өмірлік махаббатын күткен кейуана пәктігін жан жарына ғана сыйлайтынына сенімді.

"Еркектер маған дос, қарындас, әріптес, кейін анасы, тіпті әжесі ретінде қарайтын болды. Менен әйел затын көрген ер азаматты байқамадым. 40-50 жасымда әлі пәк жүргенімді мойындау ұят болды. Ал қазір, тіпті айтуға ұяламын", - дейді Гүлнар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1630974-63-zhastaghy-qazaqstandyq-keyuana-ali-kun.html