RU
Дәурен Абаев ақпарат саласындағы жаңа заңның көп талқыланған тұстарын түсіндірді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Дәурен Абаев ақпарат саласындағы жаңа заңның көп талқыланған тұстарын түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Елімізде ақпарат және байланыс саласына қатысты жаңа заң жобасы жақын күндері бекітіледі деп күтілуде. Осы орайда Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев аталған құжат қабылданбай тұрып оны көпшілікке түсіндірген болатын. Нәтижесінде жобаның кейбір нормалары БАҚ өкілдері арасында қызу талқыға түсіп, көзқарастар екіге жарылды.

Дәурен Абаев ақпарат саласындағы жаңа заңның көп талқыланған тұстарын түсіндірді

Дәурен Абаев. Фото: esquire.kz

Кеше министр Абаев көп талқыланып, қоғамдық пікірді екіге бөлген нормаларға қатысты түсінік беріп, видеомәлімдеме жасады.

Бейнеролик министрдің Facebook желісіндегі ресми парақшасында жарияланған.

Дәурен Абаев жаңа заңда қарастырылған жеке бастың құпиясын сақтауға қатысты нормаға ерекше тоқталып отыр. Оның айтуынша, жеке бастың құпиясы, дәрігерлік құпия, банктік құпия, коммерциялық құпия және бала асырап алу құпиясын сақтау нормалары еліміздің бұған дейінгі заңдарында да бекітілген. Сондықтан, мұндай құпияларды тұлғаның келісімінсіз жариялауға болмайды дейді Д.Абаев.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel