RU
Алматының көшесінде тірідей шіріп жатқан ер адам жұртты шошытты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматының көшесінде тірідей шіріп жатқан ер адам жұртты шошытты (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы көшелерінің бірінде бір апта бойы қозғалыссыз жатқан ер адам тірідей шіри бастаған. Дәрігерлердің айтуынша, оның жаралары құрттауға кірісіпті. Бұл туралы NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматының көшесінде тірідей шіріп жатқан ер адам жұртты шошытты (фото)

Александр Кабеев. Кадр КТК

Александр Кабеев бір апта бойы көрген қорлығын айтып берді.

"Басым айналып, құлап қалдым. Дүңгіршекке әзер сүйретіліп жеттім. Өлгім келеді", - дейді ер адам.

Алматы тұрғыны Сергей Кирпиченко бес күн бойы далада жатқан ер адамды тамақтандырып келіпті. Көп ұзамай Александр тамақ жеу түгілі сөйлеуден қалады. Ол Сергейге кезінде фермалардың бірінде құлдықта болғанын, содан қашып құтылғанын айтып үлгерген.

"Құлдықта болғанын айтты. Сол жерде қолын үсітіп алған. Тіпті итті де аяйсың, ал бұл тірі адам ғой. Студенттер болса, оны аяудың орнына басына жапырақ жапсырып, мазақ етіп кетеді", - дейді Кирпиченко.

Тағы оқыңыздар: 63 жастағы қазақстандық кейуана әлі күнге дейін пәк екенін айтып, ағынан жарылды

Алматылықтар дәрігер шақырғанымен, Александрдың құжаты болмаған. Оны әзер дегенде 12 қалалық емханаға алып кетеді.

"Бүгінде жағдайы бірқалыпты... Құрттап кеткен жерлері бар. 12 қалалық емханада шұғыл түрде дәрігерлер қарайды", - дейді дәрігер Асхат Таңсықов.

Александр үйін алаяқтар сатып жібергеннен кейін үйсіз қалғанын айтып берді. Содан кейін ол құлдыққа түсіп, денсаулығын құртқан.

Сіздің реакцияңыз
7
12
22
48
7
4
21
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel