RU

Испания премьерін "президент" деп атаған Дональд Трамп масқара болды (видео, фото)

АҚШ президенті Дональд Трамп Испания премьер-министрі Мариано Рахоймен келіссөздер жүргізгеннен кейін оны президент деп атап, ұятқа қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

Дональд Трамп Испания премьерінің есімін де ұмытып қалған.

"Испания президенті Марианора Джояны қабылдау мен үшін үлкен құрмет. Қатаң солтүстіккореялық жүйені оқшаулауға бағытталған жұмыстарымызға қолдау білдіргеніңізге рақмет", - деп жазған Дональд Ақ үйдің Twitter парақшасына.

Тағы оқыңыздар: Италиялық кәрі қыз өзіне өзі тұрмысқа шығып, дүркіретіп той жасады (фото)

Бірлескен баспасөз жиынында Трамп тағы да испаниялық премьерді "президент мырза" деп атаған. Журналистер әзірлеген мәтінді оқып отырып Трамп абайсызда премьер сөзін президент деп оқып қалған. Журналист бұл сәтте өзінің таңданысын жасыра алмады.

Жергілікті халық президенттің бұл қателігіне шулап, сын-пікірлер жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1631044-tramp-ispaniya-premerin-prezident-de.html