RU
Алматыда параға айфон мен айпад алған шенеунік жеті жылға сотталып кетті
Жаңалықтар Саясат және экономика

Алматыда параға айфон мен айпад алған шенеунік жеті жылға сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Параны IPhone және iPad түрінде алып келген алматылық шенеунікке сот үкімі шықты деп хабарлайды Алматы арнасы.

Алматыда параға айфон мен айпад алған шенеунік жеті жылға сотталып кетті

Телман Ақбаев. Фото: Хабар 24

Қазы қаулысымен Телман Ақбаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Әділет департаменті бөлімінің бұрынғы басшысы қара базарда тұрмыстық техникаларды саудалап келген сатушыларды тексеріп, былықтарын жасыру үшін су жаңа телефондарды алып отырыпты. Әлгі тауарлардың жалпы құны 3 млн теңгеге жуықтайды.

Тағы оқыңыздар: Ашынған депутат министр Біртановке көліктен түсіп, арбамен жүруді ұсынды

Одан бөлек, жемқордың өзге де құнды техникаларды иемденіп отырғаны анықталды. Соттың шешімімен Ақбаевтың мүлкі толықтай тәркіленді. Сондай-ақ ол енді өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналыса алмайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
12
7
10
8
9
21
17
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір