RU

Алматылық жас кәсіпкер қытай тілін үйрететін балабақша ашты

Алматыда қытай тілінде де сабақ беретін бөбекжай ашылды. Жас кәсіпкер 20 млн теңге бөліп, 70 орынды балабақша салған. Онда қазақ, орыс және ағылшын тілдері де қатар оқытылады. Мекеме "Туған жер" бағдарламасы бойынша қолданысқа берілген деп хабарлайды Алматы арнасы.

Балалар «Балапан» бағдарламасы бойынша тәлім алады. Яғни, ата-аналар айына 65 мыңның жартысын ғана төлейді. Қалғаны үкімет есебінен қаржыландырылады.

Мектепке дейінгі мекеменің ашылуымен 15 маман жұмысқа орналасты. Балабақшаның құрылысына жас кәсіпкер 20 миллион теңге бөлген.

Тағы оқыңыздар: 63 жастағы қазақстандық кейуана әлі күнге дейін пәк екенін айтып, ағынан жарылды

«Алматы мен Қазақстанда бірнеше балабақша ашуды жоспарлап отырмыз. Қолжетімді бағаға жасауға тырысамыз. «Балапан» бағдарламасымен жұмыс істейміз»,- деді кәсіпкер Бақтияр Ахметбеков.

Медеу ауданында 18 мемлекеттік, 52 жеке балабақшада 7 мыңға жуық бүлдіршін тәлім алып жатыр. Балабақшаларда орындардың жетіспеушілігі әлі де бар.

Тағы оқыңыздар: Алматыда параға айфон мен айпад алған шенеунік жеті жылға сотталып кетті

Осы күні кезекте 2 мыңнан аса бала кезекте тұр. Алайда, бұл мәселе ептеп шешіліп келеді. Биылдың өзінде 7 жеке мектепке дейінгі мекеме ашылыпты.

Балабақша тәрбиеленушілері ата-аналарға және шақырылған қонақтарға, аудан басшылығы мен еңбек ардагерлеріне шағын концерт ұйымдастырды. Сонымен қатар, осы салада 50 жылдық еңбек өтілі бар мұғалім, Аягүл Миразова семинар өткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1631138-almatylyq-zhas-kasipker-qytay-tilin-uy.html