RU
"Меломен" тобы: Тоқал алу үшін келіншегіміз бен ата-ананың рұқсатын сұрамаймыз
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Меломен" тобы: Тоқал алу үшін келіншегіміз бен ата-ананың рұқсатын сұрамаймыз

Рассказать Вконтакте

Өткен апта "Меломен" тобын бір топ жігіт ұрып кетті деген ақпарат желіні шарлап кеткен еді. Әншілердің тыңдарманы олардың денсаулығы үшін алаңдаса, тағы бір топ мұны "арзан пиар" деп болжап жатты. NUR.KZ редакиясына арнайы келіп, елді шулатқан оқиға  жайында және шоу-бизнестегі өзекті мәселелер төңірегінде "Меломен" тобыэксклюзивті сұхбат берді.

"Меломен" тобы: Тоқал алу үшін келіншегіміз бен ата-ананың рұқсатын сұрамаймыз

Меломен тобы. Фото: NUR.KZ

— Жуырда біздің редакциямызға оқырмандардың бірі «Меломен» тобының жігіттерін пышақтап, ұрып кетті деген ақпарат жазып, суреттер жіберді. Біраз БАҚ беттерінде ол туралы жазылды. Осы оқиға жөнінде айтып берсеңіздер?

— Ол кезде бір телесериалдың түсіріліміне барып, бұзық жігіттердің рөлін ойнаған болатынбыз. Түсірілім алаңында әртүрлі фотолар түсіріліп жатты, солардың бірнешеуі интернетке шығып кетіпті. Оны біреу әзілдеп жасады ма, әлде қастандықпен істеді ма білмейміз. Түсірілім алаңында телефонымызды өшіріп қойып, кейін қосқан соң қарасақ қаншама қоңыраулар түскен. Туған-туыстарымыз, журналистер мен таныстар хабарласқан. Біз үшін алаңдаған барша жанға алғыс айтамыз! Уайымдамаңыздар, біз де бәрі жақсы!

— Көпшілік топтан Жігер кеткеннен кейін, "Меломен" бұрынғыдай болмай кетеді деп айтқан еді. Дегенмен шығармашылықтарыңыз ары қарай өз жалғасын тауып жатыр.  Тыңдармандарыңызға айтар қандай жаңалықтарыңыз бар?

"Меломен" тобы: Тоқал алу үшін келіншегіміз бен ата-ананың рұқсатын сұрамаймыз

Меломен тобы. Фото: NUR.KZ

— Бұл нәрсенің айтылғаны рас. Жақын арада өз жұмысымыздың нәтижесімен өз жауабымызды береміз деп ойлаймыз. Тыңдармандарымыз да жаңа әндерді асыға күтіп жүр. Барлығын саралап, жақсы-жақсы әндер шығарып жатырмыз.  Негізі топтан бір адам кетсе, кез-келген топ солай көрінетін болады. Мысалы, «Музарттан», «Жігіттер» тобынан біреу кетіп жатқанда біздің де көзімізге солай көрінген. Халықтың көз үйренбеген соң, солай болады. Халықтың көзі үйреніп, өзіміздің әндеріміз бен бейнебаяндарымыз шыққан соң, бәрі қалпына келеді деп ойлаймыз.

"Меломен" тобы: Тоқал алу үшін келіншегіміз бен ата-ананың рұқсатын сұрамаймыз

Меломен тобы. Фото: NUR.KZ

— Тыңдармандар біраз уақыт өткеннен соң, үйренеді делік. Ал сіздерге Жігердің жоқтығы қалай сезіліп жатыр?

— Басында сезілген, одан кейін үйрендік қой. Бір жылдай уақыт болып қалды ғой. Әр нәрсенің қайыры бар. Жігердің өзіне де жақсы болып жатқан шығар. Расымен біз бірінші халықты ойладық, өйткені бұл төрттіктен құралған «Меломен» тобы еді. Дегенмен бұл да өмірдің заңдылығы, біздің топтың тағдыры осылай болды. Біз өзі «жұрт не ойлайды» деп уайымдайтын халықпыз ғой, біз де Жігерге соны айтқымыз келді.  Ел не дейді, жұрт не дейді?! Бізді ауызбіршілік пен достықтың символы ретінде танып келе жатыр еді ғой. Бірден-бір ауызбіршілігі мықты топ ретінде қалайық дедік. Өзіміздің жан рахатымыз бен көңіл тыныштығымыз үшін емес, халық ертең не айтады дегенді ойладық. Әйтпесе қалған жұмысқа келгенде үйреніп кетесің. Жұмысымыз тіпті ол кезден де көп болып жатыр.

"Меломен" тобы: Тоқал алу үшін келіншегіміз бен ата-ананың рұқсатын сұрамаймыз

Меломен тобы. Фото: NUR.KZ

Тағы оқыңыздар: Атышулы Сиви Махмуди орынсыз әрекеттері үшін ата-анасынан сөз естіп қалған

Уақытында мұның бәрі айтылды. Ол жігіттің өзінен кеткен ағаттықтар болды. Мұның бәрі қазір қалпына келгеннен кейін, басынан айтып отырған бір түрлі. Себебі қазір арамыз қайта жақсарды. Ол кездегі жағдай мүлде бөлек болған. Жалпы кез-келген нәрседе көпшілік кінәлі болып, бір адамдікі ғана дұрыс болып қалмайды ғой. Ал Жігерді топтан біздің қуып жіберуіміз деген ол логикаға сыймайтын нәрсе. Себебі топтан бір адамның кетуі деген бір қолыңнан немесе аяғыңнан айырылып қалумен тең нәрсе. Кету жағы ол оның өзінің таңдауы болды. Баяғыда эмоциямен біраз нәрселер айтылды ғой, қазір бәрін кешіріп жібердік. Тіпті қазір не үшін ұрысқанымызды ойласақ күлкілі көрінеді. Бірақ ол дер кезінде ауыр соққы болған.

—Қазір Жігер топқа келсе қайта аласыздар ма?

— Жігердің үзілді-кесілді кете салғаны бізге де біраз жұмыс болды. Әндерді қайта жаздыру, төрт адамға үйренген халықтың көзіне жаңа «Меломенді» сіңдіру үшін біраз жүйкеміз тозып, энергиямыз кетті. Осының бәрі бізге әсер етті. Тіпті кейбіріміз соны ойлап арықтап кеттік (күліп). Үлкен аналар, бізді тыңдайтын тыңдармандар келіп «Жігер қайда, неге бөлініп кеттіңдер?» дегенде жүрегіміз ауырып қалатын, қанша нәрсе болса да ол  біздің бауырымыз ғой. Қимастық бар дегендей. Онымен бір нанды бірге жеп, бір шаңырақ астында тұрып, ыстық пен суықты бірге көрдік.  Жігерге тек табыс тілейміз! Ал, қайта келемін десе, есігіміз ашық.

— Алғашқы продюсерлеріңіз Жанна ханым өзі басшылық еткен кездегі әндерді айтуға тыйым салды деп айтқан едіңіздер. Қазір де ол әндерді орындай алмайсыздар ма?

"Меломен" тобы: Тоқал алу үшін келіншегіміз бен ата-ананың рұқсатын сұрамаймыз

Меломен тобы. Фото: NUR.KZ

— Басында ол кісіні де жан-жақтан азғырғандар болған ғой. Жанна апайымыз ашумен «айтпаңдар» деп айтып қалып, кейіннен рұқсатын берді. «Меломен» тобының осындай дәрежеге жетуіне бірден-бір себепкер болған адам. Алла ол кісіні біз мақтағаннан да мақтаулы етсін! Алдында  бізді ұрып кетті деген ақпаратты оқып, бірден хабарласып жатты. Қазіргі барлық жобаларына тек сәттілік тілейміз!

— Жанна ханыммен жұмыс жасаған кезде «Меломен» қарқынды дамып, танымалдылығы артқан сияқты.  Ол кісіден кеткеннен кейін сіздер біраз басылып қалдық деп ойламайсыздар ма?

— Жоқ, ол кісінің еңбегі өз алдында бір бөлек. Ал қазіргі продюсеріміз Бауыржан Есебаев ағамыз келгелі одан әрі дамып, жаңаша қарқын алудамыз. Біз Жанна әпкемізден 2013 жылы кеттік, Бауыржан Есебаевқа 2015 жылы келдік. Продюсерсіз жүрген осы бір - екі жыл аралығында біраз құлдырап қалдық. Бауыржан аға келгелі біздің аудиториямыз кеңейді. Бұрын бізді тек жастар тыңдаса, қазір орта буын мен үлкен кісілер де тыңдайды. Жанна ханымның кезінде «О, махаббат» әнімен танылсақ, Бауыржан мырзаның кезінде «Сүйгенім бол» әнімен халыққа жақындай түстік. Қолын созса, ұзақ жерге жететін Жанна ханымдай адаммен жұмыс істеп, одан кейін Бауыржан Есебаев сынды біртуар ағамызбен жұмыс істеген біздер бақыттымыз. Сондықтан екеуіне де тек рақметімізді айтамыз.

— Сіздер алғаш шыққанда тыңдармандар кәріс жігіттеріне ұқсатты. Киіну стильдеріңіз, шаш үлгілеріңіз, түрлеріңіз соларға келетін. Ал қазіргі Qpop стильіне деген көзқарастарыңыз қандай?

"Меломен" тобы: Тоқал алу үшін келіншегіміз бен ата-ананың рұқсатын сұрамаймыз

Меломен тобының бұрынғы құрамы. Фото: NUR.KZ

— Ол жерде ән, шығармашылық, талант бар. Бір ғана ұнамайтын, біздің менталитетке сай емес нәрсе —олардың сырғалары мен шаштары. Өздері де қазақша сөйлейтін жігіттер. Сырға деген әйелге тән нәрсе, еркек ешқашан сырға тақпағанын бәрі біледі. «Меломен» тобы алғаш шыққанда көгілдірлікті насихаттаймыз деп шыққан жоқ қой. Біздің әндеріміздің де мағынасы дін, махаббат тақырыбында, халыққа рухани зиянын тигізетін нәрсе болмады.

— Сіз жаңа бір сөзіңізде оларды талантты, қазақша сөйлейтін жігіттер дедіңіз. Бірақ шаштары мен киімдерін қатаң сынап отырсыз. Халықты өнер тәрбиелейді десек, киім мен шаштың оған қатысы қанша? Біздің жастарға ол жаңалық емес сияқты, ғаламтордан кәрістің ондай жігіттерін күнде көріп жүр емес пе?

"Меломен" тобы: Тоқал алу үшін келіншегіміз бен ата-ананың рұқсатын сұрамаймыз

Ролан Қазіретов. Фото: NUR.KZ

Тағы оқыңыздар: Ернар Айдар жол апаты алдында пиар жасап, жұртты дүрліктірмек болған

— Жас кезінде кәрістерге еліктеп, интернеттен алып қарайды. Ес жинаған соң, жан-жағына қарап, қателігін таниды ғой. Бірақ сондай жігіттер өзіміздің қазақтың ішінен шыққан кезде, ол өзімізге қарайтын болады.  «Мыналар да жүр ғой, не болыпты» деген түсінік қалыптасуы мүмкін. Олардың әрекеті тіпті құрандағы аяттарға да қарсы келеді. Сондай бағыттағы «Ринзо» тобын айтайықшы, жігіттеріне қарасаң ер адамға тән кескін-келбет көрінеді. Өздері иықты, қимылдары да жігітше қимылдайды. Ал сіздер айтып отырған бестіктің алдынан менің қарындасым жүгіріп өтсе, құлап кетейін деп тұр. Сахна халықтың айнасы болған соң, әркім өз жұмысын саралау керек. Көгілдірліктің түрін беріп тұрғаннан кейін, ертеңгі жас жігіттердің көшеде қол ұстасып жүруі мүмкін ғой.

— Демек «Ninety one» сіздерге көгілдірлердің кейпін елестете ме?

— Иә, жүз пайыз елестетеді.

— Сонда стадион тола тыңдарман жинайтын топтың аудиториясын қайда қоямыз?

— Олардың бәрі жасөспірімдер ғой, он сегізге дейін қызыл –жасыл дүниеге қызыққандар тыңдап жүр.Олар өз адамдарына жолықпай жүр, бір майып болса қиын болады.

— Өнер адамдарының ішінде дінге бет бұрған топтың бірісіздер, келіншектеріңіз де орамал тағып, ұзын етек көйлек киеді. Көп әйел алушылыққа көзқарастарыңыз қалай?

"Меломен" тобы: Тоқал алу үшін келіншегіміз бен ата-ананың рұқсатын сұрамаймыз

Ғабит Бибасы жұбайымен. Фото: Instagram

— Қазіргі статистикаға келер болсаңыз қыздардың саны көп. Кейбір қыз-келіншектер: «Еркектер қайдасыңдар, қиналып кеттік» деп жатыр. Олардың бастарына берген тағдыр басқа адамға тисе, басқаша болар еді. Жасың 35-те, үш-төрт балаң бар, сені ол балаларыңмен ешкім алмайды. Ол соларды бағамын деп күні-түні жұмыс істеп жатыр, бірақ ақшасы жетпейді. Осындай тағдырлы қыздарды қалталы азаматтар алып, сүйеу болса жаман емес қой.

— Қазір қалтасы бар азаматтар жас қыздарға жүгіреді, ешкім үш-төрт баласы бар адамды алмайды ғой...

— Қалталы азаматтар жас тоқалды алады да, оны бір бұрышқа апарып тығып қояды. Оны өзінің туысқандарымен араластырмайды, бірге қонаққа ертіп апармайды. Осының бәрі бүкіл қыздардың психологиясын улап жіберді. Ешкім қуыста жүргенді қаламайды ғой. Жігіттер шынымен шариғаттың шеңберімен алып, оған теңдік беріп,  үйлену тойын жасап, құда түсіп, ел алдында «мынау менің екінші жарым еді» деп жарқыратып алып жүрсе, олар осы күні келісер ме еді?!

— Болашақта тоқал алуларыңыз мүмкін бе?

— Алла бұйыртса, аламыз. Құдай саған сол бұйрықты жіберіп тұрса, оған әйеліміз де, ата-анамыз да тосқауыл бола алмайды.  Әр жігітке төрт қыздан келеді десек, ресми әйелдікке бір қыздан алып алса, қалған үш қыз қалай өмір сүру керек?! Олардың күйеуі болмауы керек пе, отбасы бақытын сезінбеуі тиіс пе? Өмірдің әділдігі қайда?! Уақыт келіп жатса төрт әйел аламыз, қазақтың санын көбейтеміз.

— Келіншектеріңіз қарсы болмай ма?

"Меломен" тобы: Тоқал алу үшін келіншегіміз бен ата-ананың рұқсатын сұрамаймыз

Қайрат Мырзаханов. Фото: NUR.KZ

— Құранда ешқандай жерде, шариғатта әйелдеріңнен екінші әйел алу үшін рұқсат сұраңдар деп айтпаған. Неге, себебі әйел адам ешқашан бір еркекті бөлісе алмайды. Әйелдің рұқсаты керек деген шариғатта үкім жоқ.

— Бар әйелін жасырып –жауып жүрген әріптестеріңізге не дейсіздер?

— Әншілердің отбасын жариялау дұрыс емес. Ер адам әйелін жасыруға тиісті. Әйелін көрсетпейтін жігіттерге ризамын, жігіт олар. Неге олар «мен үйлендім» немесе «мен бойдақпын» деп жар салуы керек. Жігіт бойдақ көрінуі керек, ол еркекше жүрсін. Неге ол көлігінен, үйінен, гауһар тастан қымбат нәрсесін көрсетуі тиіс?! Халық жеке өміріңдегі көп нәрсені көрсетудің қажеті жоқ. Ертең оның жаман жағың көрінсе, анау да солай жүр ғой деп еліктеп кетуі мүмкін. Кеше қатты масқара болған бір әпкеміз қыздарға «Ажырасқанның айыбы жоқ, басқа күйеуге тие беріңдер» деген формуланы беріп қойды, ақталып шықты.

— Бір тойға қанша гонорар аласыздар?

— $5000

—Соңғы рет оқыған кітаптарыңыз қандай?

— "Бес ғасыр жырлайды", Брайан Трейсидің кітаптары мен діни кітаптар.

—Сұхбаттарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

 

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
41
7
8
12
8
13
33
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір