RU

Адам сенгісіз құбылыс: Мексикада балық аралас жаңбыр жауған (видео)

Мексиканың Тампико қаласында адам сенгісіз оқиға орын алды. Кезекті жаңбырлы күндердің бірінде аспаннан балық жауған деп хабарлайды Lenta.ru порталына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

«Ломас-де-Росалес ауданының тұрғындары қызықты жағдайға куә болды. Жаңбырлы күні аспаннан көлемі аса үлкен емес балықтар қоса жауған», — делінген аймақтың Азаматтық қорғаныс департаменті таратқан мәлімдемесінде.

Тағы оқыңыздар: Италиялық кәрі қыз өзіне өзі тұрмысқа шығып, дүркіретіп той жасады (фото)

Арнайы органдар балық аралас жауған жаңбырдың АҚШ-та болған дауылмен байланысы бар болуы мүмкін деген болжам жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1631195-adam-sengisiz-qubylys-meksikada-baly.html