RU
Жамбыл облысында қазақстандықтар үшін электробустар жасап шығарылады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Жамбыл облысында қазақстандықтар үшін электробустар жасап шығарылады

Рассказать Вконтакте

Орталық коммуникациялар қызметіндегі сөз сөйлеуі кезінде Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысы мен аймақтың ірі жоспарлары туралы айтып берді деп хабарлайды Nur.kz порталының тілшісі.

Жамбыл облысында қазақстандықтар үшін электробустар жасап шығарылады

Брифинг кезінде аймақ басшысы аграрлық сектордағы жақсы нәтижелерге баса назар аударды. Аграрлық университет ғалымдарымен бірлесе отырып, бидай сұрыптарын ауыстыру және жаңа технологияларды енгізу төңірегінде атқарылған жұмыстардың арқасында соңғы екі жылда әр гектардан 24-25 центнер астық жинау мүмкін болды. Өндірістің жалпы көлемі екі есеге өсті – 1 млн 200 мың тонна жиналды, бұл аймақ үшін үздік көрсеткіш болып табылады. Енді басым келетін дақылдарда да астық өнімділігіне қол жеткізілмек – қант қызылшасы, жүгері, мақсары және соя. Оның үстіне 180 мың тонна қант қызылшасы жиналғаннан кейін, одан 18 мың тонна қант өндіру жоспарда бар. Ол үшін Меркі қант зауыты іске қосылып қойған.

Тұрғын үй нарығында да жағдай айтарлықтай жақсарған – бұл жылы облыста тұрғын үй шаршы метрі 40%-ға көбірек жалға берілді. Жаңа ықшамаудан мен заманауи «Тараз сити» тұрғын үй кешенін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салу үшін 462 га жерге құрылыс жұмыстары жүргізілмек.

Жамбыл аймағында химиялық өнеркәсіп ерекше дамуға ие болды. Келесі жылы Қазақстанда теңдессіз цианид натриін өндіретін «TalasInvestmentCompany» ЖШС зауыты жоспарлы қуатқа ие болады деп жоспарлануда (12 мың тонна). Алайда оның жұмысы әзірге тоқтап тұр. Себебі аймақта кейбірі зауыт жұмысымен байланыстырып отырған үй малының жаппай қырылуы тіркелген. «Біз облыстық комиссия құрып, сонда бағыттадық. Зауыт әзірге жабылып тұр. Оның үстіне Астанадан тәуелсіз сарапшыларды шақырдық, олар қазір мұның бәрін тексеріп, зерттеуде», - дейді Көкірекбаев.

«Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағында инфрақұрылымның алғашқы кезегін салу бітуге шақ қалды. Одан бөлек, құны 1 млрд АҚШ доллар болатын Қордай ауданындағы титан-магнетит кенінің қазақстандық-қытайлық кен-байыту комбинатын құру туралы үш жақты меморандумға қол қойылды.

"Жамбыл аймағы жаңғырмалы энергия көзі саласында пионер болып табылады. Облыста жалпы қуаты 118 МВт гидро-, жел- және күн электр станциясының 9 нысаны іске қосылған", – дейді Кәрім Көкірекбаев.

Жамбыл облысында қазақстандықтар үшін электробустар жасап шығарылады

Аймақ «жасыл экономиканың» дамуына да өз сүбелі үлесін қосуда. Мәселен, Ұлыбританиядан «United Green Energy Limited-тің» қатысуымен МЖС шеңберінде қуаты 50 МВт болып табылатын Орталық Азиядағы ең ірі «Бурное солар-1» күн электр станциясы бой көтерді. Nur.kz порталының хабарлауынша, өткен жылы ол Лондондағы тұрақты даму бойынша форумда 400 жобаның ішінен бірінші орынды иеленген.

Сонымен қатар облыс әкімі «Тараз индустриялық паркі» аймағында жылына 300 электроавтобус өндіретін зауыт құрылысы туралы жаңалықпен бөлісті. Қытайдағы «Higer Quazar» өнеркәсіптік кешен өкілдерімен өткен аптада меморандумға қол қойылған болатын.

"EXPO-2017 көрмесін өктізу кезінде Higer фирмасы эклектроавтобустарының бірі астанада қызмет көрсетті, – дейді әкім. – Шассиі Швецияда жинақталып, шанағын Қытайда құрастырады, ал қуаттау құрылғысын өзіміздегі индустриялық аймақта жинақтағымыз келеді".

Көкірекбаевтың жоспары бойынша, өндіріс тек аймақты ғана емес, бүкіл Қазақстанды да қамтамасыз етіп отырады.

Денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласындағы жұмыс нәтижелері сөз етілді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
3
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel