RU
«Qazaqstan» телерадиокорпорациясы Азияның танымал одағына мүше болды
Жаңалықтар Қоғам

«Qazaqstan» телерадиокорпорациясы Азияның танымал одағына мүше болды

Рассказать Вконтакте

«Qazaqstan» РТРК» АҚ Asia – Pasific Broadcasting Union немесе қысқаша ABU деп аталатын Азия - Тынық мұхиттық хабар тарату одағына енді. Бұл мүшелік «Qazaqstan» корпорациясына ABU өткізетін сан түрлі шараларына қатысуға жол ашады.

«Qazaqstan» телерадиокорпорациясы Азияның танымал одағына мүше болды

ABU одағымен қарым-қатынастың аясында Азияның 34 елінде станциялары бар спутниктік Asiavision телевидениесімен ақпарат алмасатын болады. Одан бөлек, ABU өз құрамына кіргендерге түрлі халықаралық жобалар аясында бағдарламалық, заңгерлік, консалтингтік, басқарушылық мәселелер бойынша көмек беруге әзір. Және телерадиокорпорация қызметкерлерінде ABU ұйымдастыратын халықаралық семинарлар мен тренингтерге қатысуға мүмкіндік пайда болады.

«Qazaqstan» телерадиокорпорациясы әлемдік теленарыққа шығуды көздейді. Сондықтан халықаралық серіктестіктердің дамуына үлкен мән береді. Ал, ABU-ға мүше болу - осы стратегия аясындағы маңызды қадам. Себебі бұл ынтымақтастық, ABU одағының құрамындағы 69 мемлекеттегі 272 телерадиокомпаниялармен тығыз іскерлік қарым-қатынас орнатуға септігін тигізбек.

Ақпарат: Asia – Pasific Broadcasting Union – коммерциялық та, үкіметтік те емес кәсіби қауымдастығы - 1964 жылы құрылған. Ол Азиялық аймақтағы хабар таратуды дамытуға, хабар таратушы телерадиокомпаниялардың өзінара халықаралық ынтымақтастығын жақсартуға бағытталған.

*PR құқында

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір