RU
Түркияда жол апатына түскен қазақстандық жас жұбайлар бал айында болған
Жаңалықтар Қоғам

Түркияда жол апатына түскен қазақстандық жас жұбайлар бал айында болған

Рассказать Вконтакте

Түркияда жол апатына түскендердің арасында болған талдықорғандық Нұрсұлтан мен Алмагүл жас жұбайлар болып шықты. Шипажайға жолдаманы оларға достары сыйлапты. Бұл туралы NUR.KZ порталы Today.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркияда жол апатына түскен қазақстандық жас жұбайлар бал айында болған

Түркияда жол апатына түскен қазақстандықтар. Фото: Today.kz

Нұрсұлтанның әпкесі оның Алмагүлді мектеп кезінен жақсы көретінін айтуда. Достары тойға сыйлық ретінде жас жұбайларға жолдама тарту еткен. Алайда, өкінішке қарай Нұрсұлтан мен Алмагүлдің бал айы жол апатына ұласты.

Әкімдіктегілер қос ғашықтың 9 қыркүйек күні некесін қидырғанын мәлімдеді. Әзірге жас жұбайлар Түркия емханасында Асыл мен Айдын секілді ем қабылдап жатыр. Оларды Қазақстанға қайтару үшін жұмыстар жүргізілуде.

Тағы оқыңыздар: Алматы әуежайының маңында өртке оранған ұшақ елді дүрліктірді (фото, видео)

Елге келе салысымен отандастарымызды Алматы мен Астананың дәрігерлері қарайтын болады.

Еске салсақ, 21 қыркүйек күні алматылық және талдықорғандық туристер Түкрияда жантүршігерлік жол апатына түскен болатын. Оларды түрлі емханаға жеткізіп, тегін емдеуде. Алайда жол апатына түскен үш қазақстандық ауыр жағдайда болғасын, еліне қайтып орала алмай отыр.

Мәжіліс депутаты Дания Еспаева құзырлы органдарға көмексіз қалған қазақстандық туристерге қажетті қолдау көрсетуді бұйырды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
4
3
8
4
16
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel