RU

Ақтөбеде анасы 12 жастағы қызына бауырын беріп, тағы да өмір сыйламақшы

Бүгін Ақтөбеде кореялық профессор Кванг Вонг Ли мен ұлттық трансплантология орталығының басшысы Жақсылық Досқалиевтың қатысуымен үлкен ота жасалады. Туа бітті бауыр ауруына шалдыққан 12 жастағы қызға анасы донор болмақ. Бұл туралы NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі хабарлайды.

Білікті мамандар күрделі отаға дайындалып жатыр.

"12 жастағы қыз балаға анасы бауырының жартысын береді. Кореялық профессор Вонг Лидің басшылығымен жасалатын отаға бірнеше жергілікті мамандар қатысады. Кеше Жақсылық Ақмырзаұлының басқаруымен жасалынған бауыр алмастыру отасы сəтті өтті", - дейді облыстық дегсаулық сақтау басқармасының басшысы Əсет Қалиев.

Бауырдың цирроз түрімен 10 жылдан бері есепте тұрған 47 жастағы адамға бауыр мəйіттік донордан салынды. Жиырмаға жуық маман қатысқан ота 10 сағатқа созылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1631393-aqtobede-anasy-12-zhastaghy-qyzyna-bauyry.html