RU
Сағынтаев қоластындағыларға өз міндеттерін бөліп берді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Сағынтаев қоластындағыларға өз міндеттерін бөліп берді

Рассказать Вконтакте

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев "премьер-министр, премьер-министрдің орынбасарлары және премьер-министр кеңсесінің басшысы арасында міндеттерді бөлу туралы" өкімге қол қойды, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сағынтаев қоластындағыларға өз міндеттерін бөліп берді

Бақытжан Сағынтаев. Фото: © Sputnik / Болат Шайхинов

Құжатқа сәйкес, премьер-министрдің қарауына экономикалық, қаржы, фискалдық және кеден саясатының, мемлекеттік бюджеттің стратегиялық мәселелері, қорғаныс және құқықтық тәртіп, мұнай-газ секторын дамыту, мемлекеттік активтерді басқару, мемлекеттік органдардың әкімшілік реформасын іске асыру, мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық, шетелдік инвестициялар тарту, инвестициялық ахуалды жақсарту және басқалары кіреді.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминның міндеттеріне экономиканы жедел басқару және өңірлік саясат, көлік инфрақұрылымын және логистиканы дамыту, құрылысты дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мәселелері жатады. Сонымен қатар Асқар Мамин қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту, төтенше жағдайлар және жұмылдыру жұмысы, ғарыш қызметі, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, энергияның жаңартылатын көздері, көмір өнеркәсібі, атом өнеркәсібі және ядролық энергетика, инновациялар, техникалық реттеу, электр энергетикасы, геология және жер қойнауын пайдалану, мұнай химиясы, экспорттық бақылау, қоршаған ортаны қорғау, жылыту маусымына дайындық және оны өткізу және басқа да мәселелер бойынша жауап береді.

Премьер-министрдің бірінші орынбасарының қызмет аясына сонымен қатар арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамытуды үйлестіру, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ынтымақтастық мәселелері жатқызылады.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде анасы 12 жастағы қызына бауырын беріп, тағы да өмір сыйламақшы

Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаевтың міндетіне ел экономикасын Үшінші жаңғыртуды жобалық басқару, мемлекеттік жоспарлау жүйесі, қаржы секторын дамыту, макроэкономикалық, бюджет, салық және кеден саясаты, ШОБ пен мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту, сонымен қатар білім беру мен ғылымды дамыту, денсаулық сақтау, әлеуметтік жаңғырту, жұмыспен қамту, дін, туризм, мәдениет және спорт, демография және көші-қон саясаты, тариф саясатын үйлестіру және басқа да мәселелер бекітілген.

Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев салаларды цифрландыру және цифрлық экономиканы дамыту, ақпараттандыру, байланыс және ақпараттық қауіпсіздік, "электрондық үкіметті", ақпараттық технологияларды дамыту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру, электрондық коммерция, спутниктік байланысты дамыту, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру және басқа да мәселелерді үйлестіреді.

Премьер-министрдің орынбасары Асқар Мырзахметов агроөнеркәсіптік кешен, жер қатынастары, су ресурстары, орман шаруашылығы, жануарлар әлемі, ауыл шаруашылығы машинасын жасау, ауылда нәтижелі жұмыспен қамту және басқа да мәселелерге жетекшілік етеді.

Премьер-министр кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов премьер-министрді және үкімет басшылығын ақпараттық-талдау, құқықтық, ұйымдастырушылық, протоколдық, құжаттамалық, материалдық-техникалық және өзге де мәселелерді қамтамасыз етуді іске асырады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
2
1
5
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel