RU

Қымбат көлікті тістеп алған есек сот алдына келді (фото)

Германияда қымбат көлікті тістеп алған Витус атты есек сот алдына келді. Бұл туралы NUR.KZ порталы dw.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Гессенде 2016 жылдың қыркүйегінде болған. Есек қызғылт сары түсті қымбат спорт көлігін тістеп алғаннан кейін көлік қожайыны оны сотқа берген. Болжам бойынша, есек көліктің түсіне бола оны сәбізбен шатастырып алған.

Тағы оқыңыздар: Толғағы қысқан жүкті әйел дәл лифтінің ішінде босанып қалды

Витустың қожайыны көлікті есек тістегеннің еш дәлелі жоғын алға тартуда. 2017 жылдың 28 қыркүйек күнгі сотында есектің жазасы қарастырылып жатыр.

Оған 5 мың еуро көлемінде айыппұл тағайындалуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1631707-qymbat-kolikti-tistep-alghan-esek-sot.html