RU
Қостанайлық ана шетел аспақшы болған қызын сотқа берді
Жаңалықтар Қоғам

Қостанайлық ана шетел аспақшы болған қызын сотқа берді

Рассказать Вконтакте

44 жастағы Қостанай тұрғыны қызын сотқа берді. Қыз АҚШ-қа виза алу үшін анасының пәтерін өз атына жаздырып алып, кейіннен сатып жібермек болған, деп хабарлайды Baq.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайлық ана шетел аспақшы болған қызын сотқа берді

Көрнекі фото: zhzh.info

Бір жыл бұрын әйел үш бөлмелі пәтерін қызының атына жазып береді. Қызы виза алған бетте пәтерді анасының атына қайта аударуға уәде берген. 27 жастағы қыз АҚШ-қа туристік визамен шығып, сол елдің азаматтығын алып, қалып қоймақ болыпты.

Бірақ Қазақстандағы АҚШ елшілігі оған виза беруден бас тартады. Соған қарамастан қыз пәтерді анасының атына қайтып аудармаған. Ол визаға қайта құжат тапсырмақшы болады.

«44 жастағы әйел пәтерде күйеуі және кішкентай баласымен тұрып жатқан. Ол үлкен қызы уәдесінде тұрып, пәтерді қайтарып береді деп ойлаған. Қызының арманын орындағысы келіпті. Біраз уақыт өткеннен кейін пәтерге бөгде адамдар келе бастайды. Пәтердің сатылымға қойылғанын, жарнама бойынша келгендерін айтады. Әйел өзін алдап, кішкентай баламен далада қалдырмақшы болған қызын сотқа берген», - дейді Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

Істі қарау барысында қызы мен анасы татуласып, келісімге келген. Екіжақты келісімге сәйкес, қыз анасы мен сіңлісінің әрқайсына пәтердің үштен бір бөлігін берді. Анасы болса қызына қатысты қойған талаптардан бас тартты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
24
0
4
2
1
1
11
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel