RU
АТФ Банк қызметкерлері клиенттердің шотынан 112 млн теңгеге жуық қаржыны жымқырған
Жаңалықтар Қоғам

АТФ Банк қызметкерлері клиенттердің шотынан 112 млн теңгеге жуық қаржыны жымқырған

Рассказать Вконтакте

АТФ Банк қызметкерлері клиенттердің шоттарынан 111,8 миллион теңге көлемінде ақша шешіп алған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

АТФ Банк қызметкерлері клиенттердің шотынан 112 млн теңгеге жуық қаржыны жымқырған

Иллюстрациялық фото: abctv.kz

Істің материалдары бойынша, банк қызметкері С. есімді азаматша алдын ала келісім бойынша К. есімді азаматпен бірігіп қылмыстық жоспар құрады.

"Жоспар бойынша олар ағымдық және депозиттік салымдары бар, бірақ төлем карточкалары жоқ банк клиенттері атынан олардың келісімінсіз "АТФ24" (online banking) төлем карточкаларын дайындайды.

Кейіннен С. және К. есімді азаматтар пластик карталарын көптеп дайындау мүмкіндігі болмағандықтан, №5 банк бөлімшесінің Ю. және К.А. есімді менеджерлерін іске тартады.

Тағы оқыңыздар: Қостанайлық ана өзін далада қалдырмақшы болған қызын сотқа берді

Банкте берген ақпаратқа сәйкес, алаяқтық әрекетті олар өз күштерімен анықтаған, қаржылық мекеменің клиенттері зардап шеккен жоқ.

Бұрынғы банк қызметкерлеріне қатысты үкім тамыз айының ортасында шыққан болатын. Ол бойынша К. есімді азамат бес жылға бас бостандығынан айырылып, жеке мүлкі тәркіленді. Алайда, кәмелетке толмаған бала тәрбиелеп отырған оған, жазасын өтеу мерзімі 6 жылға шегерілді. К.А. және Ю. есімді азаматтар да бес жылға бас бостандығынан айырылып, жеке мүліктері тәркіленді.

"С" есімді азаматшаға қатысты істің материалдары жеке өндіріспен қарастырылған. Ол адам қазіргі уақытта қамауда отыр. Тергеу амалдарына байланысты қосымша ақпараттар берілмейді.

Сонымен қатар, сот сотталған үш адамнан "АТФ Банк" АҚ үлесіне 91,7 миллион теңге көлемінде азаматтық қуыным залалын өтеу белгіленді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
23
7
9
3
13
4
10
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір