RU

Мектепте ақша жинаған мұғалімдер жұмысынан қуылады

Мектепте ақша жинаған мұғалімдер жұмыстан кетеді. Енді ата-аналардың сынып қорына қаржы берулеріне тыйым салынады. Осы мәселеге қатысты арнайы жиын өтті деп хабарлайды Алматы арнасы.

Басқосуда жоғары сынып оқушыларына тестілеуге бюджеттен 18 миллиард теңге бөлінгені айтылды. Мектеп табалдырығын жаңадан аттайтын кезде, ақша жинамау үшін кезекке электронды тіркелу енгізілген. Аталған жаңашылдық осы оқу жылынан басталды. Сондай-ақ мұғалімдерге берілетін сыйлық құны бес мың теңгеден аспауы керек.

Тағы оқыңыздар: Қостанайлық ана өзін далада қалдырмақшы болған қызын сотқа берді

Қалалық білім басқармасының хабарлауынша, қазір мектепте ақша жинау мәселесі азайыпты. Соңғы үш жылда осыған байланысты шағымдар 2-3 есе төмендепті. Оған қоса, сынақ тестілеуге қаржы жиналмайды. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 94 миллион теңге бөлінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1631909-mektepte-aqsha-zhinaghan-mughalimder-zhum.html