RU
Шымкентте полицейден таяқ жеген қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте полицейден таяқ жеген қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте полицейден таяқ жеген қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Шымкентте полицейден таяқ жеген қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкенттік полиция бойжеткенді соққыға жықты. Фото: NUR.KZ

Шымкентті шулатқан полицейдің ісі бойынша қызметтік тексеру жұмыстары басаталды.Ал, бұзақылық және полицияға бағынбау жәйті бойынша полицей тепкілеген бойжеткеннің үстінен қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Тексеру барысында анықталғандай, Әл-Фараби полиция бөлімшесінің «102» пультіне жас қыздан хабарлама келіп түскен, ол өз арызында Тауке хан көшесінде орналасқан кафелердің бірінің алдында белгісіз тұлғалар оны ұрып-соққаны туралы көрсеткен. Оқиға орнында белгісіз тұлғалардан құралған топ мүшелері билік өкілдерінің заңды талаптарын орындамаған.

 

Тағы оқыңыздар: Атырауда оқушы қызды зорлап өлтірген педофил ұзақ мерзімге сотталды

Олар Шымкент ҚІІБ ЖПҚ жол-патрульді полкінің экипаж қызметкерлеріне бағынбаған. Заңбұзушылар полицейлердің погонын жұлып, жыртып тастаған, оған кафе жанында орналасқан бейнебақылау камераларындағы бейнежазбалар дәлел бола алады.

Полицейлердің жедел іс-шараларының жүргізу барысында екі күдікті ұсталдған.

Еске салайық, Шымкенттік полицей көшенің қақ ортасында бейтаныс бойжеткенді соққыға жыққаны туралы видеолар тараған болатын. Видеодан байқағанымыздай, полиция жігітті қызметтік көліктің ішіне күштеп отырғызып жатқанын көруге болады.

Ал жігіт болса, барынша қарсылық танытуда. Құқық қорғау қызметкерлері әкетпек болған жігітке араша түсіп жүрген қыз оның сүйіктісі болуы мүмкін. Оның жігітін қорғаштамақ болғанын көрген полцейлердің бірі қыздың ішінен ұрады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
39
4
16
5
8
13
26
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір