RU
Түркиядағы жантүршігерлік апаттан аман қалған студент болған жайттың мән-жайын айтып берді
Жаңалықтар Қоғам

Түркиядағы жантүршігерлік апаттан аман қалған студент болған жайттың мән-жайын айтып берді

Рассказать Вконтакте

Түркиядағы жол апатынан зардап шеккен жерлестеріміз оқиғаның анық-қанығын өз ауыздарымен жеткізді. Ол болған жайттың мән-жайын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Түркиядағы жантүршігерлік апаттан аман қалған студент болған жайттың мән-жайын айтып берді

Кадр КТК арнасынан алынды

Талдықорған қаласының тұрғыны Батырхан Қайырбаев әлі күнге дейін жол апатының болғанына сенгісі келмейді. Ал, Вадим мен Диля есімді екі жерлесіміз елге өздері жеткенімен, қазір Алматыда ем қабылдап жатыр екен. Түркияда қалған тағы бір отандасымыз Асылдың анасы болса, тиіп тұрған Талдықорғаннан Алматы жете алмай отыр. Айтуынша, құзырлы орындар келетін ұшақтың нақты уақытын айтпағасын, жолға шыға алмаған.

Тағы оқыңыздар: Шымкентте полицейден таяқ жеген қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Батырхан Қайырбаев Түркиядағы жол апатынан зардап шеккен жерлестеріміздің бірі. Апат кезінде алған жарақатынан аяғын сылтып басып жүр. Күнде облыстық ауруханаға барып ем қабылдайды. Думанды демалыстың соңы ауыр жағдайға ұласқанына сенгісі келмейтін ол, сол бір түнді әлі де қорқынышпен еске алады.

"Біз Кемерде болдық. Анталияға жету үшін такси шақырдық. Сол жақтан ұшаққа отыруымыз керек еді. Жол бойында біз мінген көлік бетпе-бет соқтығысты. Менен басқа алтауының барлығы қатты жарақат алды. Сынбаған жерлері жоқ. Такси жүргізушісі сол сәтте көз жұмды", - дейді зардап шегуші Батырхан Қайырбаев.

Батырхан апат кезінде көліктің артқы жағында отырыпты. «Құдай сақтап, ауыр жарақат алмадым» дейді. Ал, әлі күнге дейін Түркия ауруханасында жатқан Асыл Сағындықованың анасы Сәуле болса, қызының жағдайына алаңдап, пұшайман күй кешіп отыр. Көңілі әрі-сәрі ана алғаш суық хабарды естігенде есінен танып қалыпты.

"Осы жақтағы жолдасына айтқан екен. Ол әпкесіне айтыпты. Сол бізге хабарлады. Кешкі төрт жарымдардың кезі. Ал, оқиға түнгі үштерде болған. Дәріханада тұрғанмын. Сол жерден дәрі алып, есімді әрең жиып алдым", - дейді Асыл Сағындықованың анасы Сәуле.

Не істерін білмей асып-сасқан ата-аналар өздерінің алып-ұшып жете алмасын ұққасын, Әсел Әбдірахманова есімді қызға қолқа салып, бірден Түркияға аттандырады. Жол-қаражаты мен билетін, балаларының еміне қажетті ақшаны жинап берген. Ал, аманатты арқалап Түркияға жеткен Әсел, жерлестерінің ауыр халін көріп жүрегі ауырғанын айтады.

"Олардың барлығы қатты қорыққандықтан түнімен ұйықтамай, шошып шығатын. Алғаш келген кезде Батырханды шығарып салдық. Вадим мен Диляға өзім бас болып, елге келдік. Бірақ, әуежайда Дилияға ауруханадан берілген рапорт болмағасын, бізді өткізбей қойды. Сондықтан оның әуежайдан 70 долларға сатып алдық", - дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Әсел Әбдірахманова.

Вадим мен Диля өз беттерінше елге жеткенімен, қазір Алматыдағы ауруханада ем қабылдап жатыр екен.

Осылайша, Түркияда жол апатына ұшыраған жеті жерлесіміздің үшеуі елге оралса, қалған төртеуі әлі келген жоқ. Барлық жәйтті өз көзімен көрген Әселдің айтуынша, Анадолы еліндегі Асыл есімді қыздан басқа Нұрсұлтан, Айдын мен Алмагүл өздігінен жүре алмайды. Ал, сағыныштан сарғайған Сәуле Сағындықова, мына тұрған Талдықорғаннан Алматыға жете алмай жүр. «Құзырлы орындардан нақты хабар болмағасын жолға шыға алмай отырмыз, себебі балаларымызды қай күні елге алып келетінін білмейміз» дейді ол.

Сіздің реакцияңыз
9
3
11
36
5
8
20
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel