RU
Атырауда оқушы қызды зорлап, жауыздықпен өлтірген педофилге үкім шықты
Жаңалықтар Қоғам

Атырауда оқушы қызды зорлап, жауыздықпен өлтірген педофилге үкім шықты

Рассказать Вконтакте

Атырауда сегіз жасар Айкөркем Алдамжарды зорлап, артынан жауыздықпен өлтірген педофилге үкім кесілді деп хабарлайды КТК арнасы.

Атырауда оқушы қызды зорлап, жауыздықпен өлтірген педофилге үкім шықты

Зорлық. Көрнекі фото: NovostiMO.Ru

28 жастағы Арман Рсалиев қылмысын жасыру үшін көршісінің қызын суға ағызып жіберіп, кейін тіпті жұртпен бірге өзі де іздеуге шыққан болатын. Енді ол 25 жыл бостандық көрмейді. Әрі жазасын ең қатаң тәртіптегі түрмеде өтеуі тиіс. Жазаның жеңіл болмайтынын түсінген қаныпезердің адвокаттары да сотта төбе көрсеткен жоқ.

Мемлекеттік айыптаушы Арман Рсалиевті 25 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған екен. Судья да бүгін мұнымен келісіп, айыпталушыны ерекше тәртіптегі абақтыға аттандырды. Бұдан бөлек Арман Рсалиев жәбірленуші тарапқа моральдық шығын да төлеуі тиіс.

"Азаматтық талапкер Сағынованың пайдасына азаматтық жауапкер Рсалиевтен 5 миллион теңге моральдық зиян өндірілсін. Рсалиевке үкімнің азаматтық талапты орындау бөлігін өз еркімен орындауына екі ай мерзімі берілсін", - дейді судья Тыныштық Нұрымова.

Тағы оқыңыздар: Түркиядағы жантүршігерлік апаттан аман қалған студент болған жайттың мән-жайын айтып берді

Үкімді үнсіз тыңдаған Айкөркем Алдамжардың туыстары сыртқа шыға бере көз жасына ерік берді. Олар бауыр еті балаларын өлтірген азғын өмір бойы түрмеде отыру керек еді дейді.

Сегіз жастағы Айкөркем Алдамжар маусымның 14-і күні кешкілік ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Өкінішке қарай, бес күннен соң Жайық өзенінен оның денесі табылған болатын. Тіпті жоғалған кезде жеткіншекті сотталған Арман Рсалиев те жұртпен бірге іздесіпті. Кейін ол өз кінәсін мойындап, оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Айтуынша, Айкөркемді өзен жағасына алдап апарып, зорлаған. Кейін суға лақтырып жіберіпті. Қыз бала суға тұншығып өлген. Сотталушы Арман Рсалиевтің өзі – отбасылы, кәмелетке толмаған екі баланың әкесі. Әрі ол – марқұм Айкөркем Алдамжардың көршісі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
15
2
9
6
10
3
25
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір