RU
Қораптың ішіне кіріп намаз оқыған астаналық бойжеткен елді таңғалдырды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қораптың ішіне кіріп намаз оқыған астаналық бойжеткен елді таңғалдырды (фото)

Рассказать Вконтакте

Астаналық тұрғын дүкен ішіндегі үлкен қорапқа кіріп намаз оқыған сатушы қызды көріп таңғалысын жасырмады деп хабарлайды NUR.KZ.

Қораптың ішіне кіріп намаз оқыған астаналық бойжеткен елді таңғалдырды (фото)

Сурет Астанадағы сауда үйінің бірінде тапа-тал түсте түсірілген.

«Мен сауда үйіне кіріп, өзіме сөмке алмақ болдым. Бұл дүкендегі барлық бутиктердің сөрелері ашық.

Сөмкелерді қарап жүріп, дүкеннің қақ ортасында тұрған  қорапты, оның ішінде жарық жанып тұрғанын көріп, таңғалдым.

 

Тағы оқыңыздар: Түркиядағы жантүршігерлік апаттан аман қалған студент болған жайттың мән-жайын айтып берді

Жақсылап қарасам, онда: "намаз оқып жатырмын, он минуттан соң боламын", - деген жазуды көрдім.

Сенесіз бе, яғни оның ішінде адам отырған. Сатушы намаз оқығанда елдің көзіне түспеу үшін үлкен қораптың ішіне кіріп алған. Таңғалдым. Осындай ірі сауда намаз оқитын жер жоқ па?", - дейді астаналық тұрғын.

Қораптың ішіне кіріп намаз оқыған астаналық бойжеткен елді таңғалдырды (фото)

«Әрине, тығырықтан шығудың жақсы жолын тапқан. Бірақ, елге осыны айғайлатпай-ақ, перде қойып, соның артында оқыса да болар еді. Ал қорапта не бар екен деп, елдің барлығы қарайды. Оның сөкпеймін, бірақ таңырқап қалғаным рас", - дейді астаналық бойжеткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
2
8
6
10
37
17
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір