RU
Үш бірдей жақынынан айырылған азамат: Мұндай адамдар бостандықта жүрмеуі тиіс
Жаңалықтар Қоғам

Үш бірдей жақынынан айырылған азамат: Мұндай адамдар бостандықта жүрмеуі тиіс

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында бір әулеттегі үш адамның өмірін жалмаған жол апатына қатысты сот отырысы басталды. Меркі ауданында болған осы қайғылы оқиғаға кінәлі ретінде жергілікті тұрғын Нұрболат Шолпанқұлов жауапқа тартылуда деп хабарлайды КТК арнасы.

Үш бірдей жақынынан айырылған азамат: Мұндай адамдар бостандықта жүрмеуі тиіс

Скриншот КТК

Меркі аудандық сотында үкім шыққанша әлі талай дау-дамай болатын тәрізді. Өйткені алғашқы процестің өзінде жәбірленуші мен кінәлі тараптың жақындары жиі-жиі шекісіп, судьядан ескерту алып жатты. Ал жауапқа тартылып жатқан жергілікті тұрғын Нұрболат Шолпанқұлов. Оған абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне себепші болу бабы бойынша іс қозғалған. 27 жастағы азамат өзіне тағылған айыпты толық мойындап отыр. Тіпті, марқұмдардың жақындарынан қайта-қайта кешірім сұраумен болды.

"Кешірім сұраймын, кешіріңіздер. Солай болды, мен әдейі істеген жоқпын", - дейді Нұрболат Шолпанқұлов.

Шілденің 14-і Амрулаевтар әулеті үшін қаралы күн болды. Ағапаша Амрулаевтың Ладаны тақымдаған 23 жастағы баласы және әйелі, сондай-ақ, туған інісінің бір жарым жастағы немересі де сол оқиға болған жерде жан тапсырған. Қайғыдан қан жұтқандар күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің 345 бабының төртінші бөлігімен іс жүргізілгеніне наразы. Бұл баппен қарыстылырған жоғарғы жаза 10 жылдың өзі аз дейді олар. Сондықтан жазықтыны кешірмек түгілі оған ең қатаң жаза беруді талап етуде.

Тағы оқыңыздар: Елімізде картоп бағасы 300 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

"Ол менің шаңырағымды ортасына түсірді. Мұндай адамдар бостандықта жүрмеуі тиіс. Түрмеде ұзақ отырса ғана түсінеді деп ойлаймын. Ең кемі 17-18 жыл беру керек. Егер сот әділ шешім шығармаса, онда жоғары сотқа шағым түсіремін. Ол мені жалғыз қалдырды", - дейді Аңдас батыр ауылының тұрғыны Ағапаша Амрулаев.

Айта кетейік, Меркі ауданының орталығынан Аңдас батыр ауылына шыққан той кортежінің соңынан ілескен Гелендваген алдымен алдындағы машинаның артынан соғыпты. Кейін ол қарсы бетке шығып кетіп, полиция машинасын жанай өтіп, ладамен бетпе-бет соғылған. Соққы өте қатты болса керек. Өйткені Гелендваген Ладаны 64 метр жерге дейін сүйреп апарған.

Сол апат кезінде қаза тапқан бір жарым жастағы бүлдіршіннің әжесі мен аяғы ауыр анасы да жапа шекті. Екеуі де ауыр халде ауруханаға түсіп, жүкті келіншек түсік тастаған. Қазір еңбекке жарамсыз болып қалған ене мен келін сүйретіліп әзер жүр. Ал жалғыз ұлы мен жарынан айырылған Ағапаша даңғазадай үйде еңіреп жалғыз қалды.

Жол апатына тәртіп сақшыларының да қатысы болуы мүмкін дейді жәбірленушілер. Өйткені марқұм Измир Амрулаев басқарған көліктің соңында келе жатқан полиция көлігі, оны басып озып алдын жауап қалған екен. Сол себепті Ладаның жүргізушісі қарсы бетке шығып кеткен Гелендвагенді көрмей қақтығыс болған. Ал бұл жағдай қылмыстық іске тіркелмепті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
17
4
14
22
1
3
17
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel