RU

Атырау тұрғыны әкесінің көзінше туған қарындасы мен жиенін зорлап тастады

Атырауда 1984 жылы туылған  бес балалы азамат туған қарындасы мен жиенін зорлаған деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі. Оқиға ағымдағы жылдың маусым айында орын алған.

« А.Р.  есімді бес балалы азамат өз әкесінің үйіне келіп, 2012 жылы туылған жиені (үлкен әпкесінің қызы) мен 2004 жылы туған қарындасын пышақпен қорқытып, есікті іліп алған. Бұл уақытта балалардың әке-шешесі аулада душ қабылдап жатыпты. Азғын балаларға пышақпен қорқытып шешіндіріп, азғындық әрекетке барған. Осы кезде қос қыз шыңғырып жылап, ойбайлаған даусын естіген ата-анасы үйге кіре алмай қалады. Олар терезені бұзып ішке кіргенше ұлдары екі қызды да зорлап үлгерген», - деп хабарлады Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Күдіктіге Қылмыстық кодекстің 124-бабының бірінші тармағымен іс қозғалып, сотқа жолданған.

Тағы оқыңыздар: Атырауда оқушы қызды зорлап жауыздықпен өлтірген педофилге үкім шықты

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 13 жастағы қарындасы мен бес жастағы жиеніне азғындық жасаған азаматты айыпты деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен.  Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетерлігі, бір туғандарына зорлық жасаған азаматтың некелі жары мен бес баласы бар және тұрақты жұмысы да болған. Қылмыс жасау кезінде арақ ішіп немесе басқа да есірткі заттарын қолданбаған. Яғни, қылмысты жасаған кезде оның дені  сау екені дәлелденді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1632177-atyrau-turghyny-akesininh-kozinshe-tugha.html