RU
Жеңгесін көңілдесімен ұстап алған бойжеткен шындықты айта алмай, қор болды
Жаңалықтар Қоғам

Жеңгесін көңілдесімен ұстап алған бойжеткен шындықты айта алмай, қор болды

Рассказать Вконтакте

Жеңгесінің ағасына жасаған опасыздығына шыдамаған бойжеткен елге жанайқайын жеткізді. Жеті жылдан бері жеңгесінің көңілдесі бар екенін білген қыз ағасының қор болғанына қиналып, жұрттан кеңес сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Жеңгесін көңілдесімен ұстап алған бойжеткен шындықты айта алмай, қор болды

Көрнекі фото

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі "Үшбу хат" тобына жазған.

"Жасырын болса екен. Өйткені бұл жерде менің көптеген таныстарым отырады. Менің айтпағым, жеңешемнің ашынасы барын білемін. 2010 жылдан бері білемін. Ағаммен отандасқандарына 16 жыл болды. Басында бала көтере алмай алты жылдай жүрді.

Тағы оқыңыздар: Түркиядағы жантүршігерлік апаттан аман қалған студент болған жайттың мән-жайын айтып берді

Құдай бір қыз, бір бала берді. Баласы онға, қызы сегізге келді. Енді, міне, жеті жылдан бері шыдап келемін. Не істеймін, қыздар? Ағама айтқанымен, маған сенбейді. Ерлі-зайыптының ортасына есі кеткен түседі дегендей, түспеймін де. Ішіме сыймай барады. Бүге-шүгесіне дейін жазбадым. Əйелдер не болып барады? Күйеуі жоқ əйелдер ғана жүре ма десем", - деді ашынған бойжеткен.

Ал желі қолданушылары болса оған түрлі ақыл-кеңестерін аямады. Кейбірі бар шындықты ашық айт деп ақыл айтса, екіншілері жеңгесімен ғана сөйлесіп, оны ақылға келтіруді ойлаған жөн екенін алға тартты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
178
8
41
28
20
16
64
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір