RU

Ділназ Ахмадиева желіде "ұйғырсың" деп тиіскен тыңдарманын сотқа бермек

Ділназ Ахмадиева Instagram парақшасында өзінің ұлтына байланысты жеке басына тіл тигізген оқырманын сотқа беретінін айтты. Әнші мұндай жайттың бұған дейін талай мәрте орын алғанын айтып ашынды.

"Мейірімді жандар, айтыңдаршы! Осындай адамдар қашанға дейін біздің елімізді масқаралай береді? Қанша шыдауға болады? Мен Қазақстанда, көпұлтты елде, бейбіт аспанда туылған адаммын. Әлі күнге дейін осында өсіп-өркендеп, өмір сүрудемін!  Кімге менің «ұлтым» кедергі келтіріп жүр? Не деген адамсыңдар? Сендердің еліміз үшін еш еңбектерің сіңген емес, тағы келіп республикамыздың мәдениетін өркендетіп жүрген жандарға тіл тигізесіңдер. Маған олардың деңгейіне түспеуді айтудың қажеті жоқ!",- деп жазған ол.

Тағы оқыңыздар: Айдана Меденова туған күніне сыйланған қымбат көлігін көрсетіп мақтанды (фото)

Сондай-ақ, Ділназ реніштен жылағысы келіп отырғанын және аталған жандарды сотқа беретінін де айтты.

"Ренжігенім соншалық, жылағым келіп отыр. Неге мұндай адамдар менің, басқалардың ұлтын қорлауға жол береді? Кім оларға ондай құқық берді? Мен сотқа беремін! Бұл бірінші рет болып жатқан жоқ.  Олармен бетпе-бет кездескенде аянышты болып кетеді. Олар өздерінің күштерін жоғалтып, ата-анасынан, күйеуінен, әйелі мен басқалардан қорқатын аянышты адамдарға айналады. Бірақ, мен өз күресімді жалғастырамын. Маған сәттілік тілеп қойыңыздар! Мұндай жағдайда ол үнемі менің жағымда",- деп жазған әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1632241-dilnaz-akhmadieva-zhelide-uyghyrsynh-dep.html