RU
Үш адамның өмірін жалмаған шахтадағы апатқа "Арселор Миттал Теміртау" кінәлі болып шықты
Жаңалықтар Қоғам

Үш адамның өмірін жалмаған шахтадағы апатқа "Арселор Миттал Теміртау" кінәлі болып шықты

Рассказать Вконтакте

Мемлекеттік комиссия «Казахстанская» шахтасында орын алған ТЖ себептерін анықтауға қатысты жүргізілген тергеу нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Үш адамның өмірін жалмаған шахтадағы апатқа "Арселор Миттал Теміртау" кінәлі болып шықты

Фото: ИА "Новости-Казахстан", Асем Миржекеева

"Мерт болғандардың кінәсі — нөл пайызға тең, жұмыс беруші "Арселор Миттал Теміртау" компаниясының кінәсі — 100 пайыз". Апат көмір мен газдың кенеттен сыртқа лақтырудан туындаған. Оның көлемі 925 тонна көмір және 161 мың 645 текше метр газды құрайды. Жұмыс беруші қауіпті жұмысты жүргізуге қажетті тиісті шараларды орындамаған", — дейді "Қазақстан" шахтасындағы ТЖ себептерін тергеу бойынша мемлекеттік комиссияның төрағасы Ныгмеджан Мақажанов.

Тағы оқыңыздар: Қазақстанға Ресейдің Сыртқы істер министрі келе жатыр

Үш адамның өмірін жалмаған шахтадағы апатқа "Арселор Миттал Теміртау" кінәлі болып шықты

Қайтыс болған марқұмдар. Фото: today.kz

Еске сала кетейік, тамыз айында «Казахстанская» шахтасында көмір мен газдың кенеттен сыртқа шығарылуы орын алды. 600 метр тереңдіктегі жер астында үш жұмысшы мерт болып, тағы төрт адам зардап шеккен.

Болған оқиғаға қатысты қызметтік тұлғалардың жауапқа тартылуы жөніндегі ақпарат әзірге белгісіз. Барлық шешімдері комиссия өкілетті тергеу органдарына ұсынады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
5
9
2
3
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір