RU
Еуропадағы гей-парадта қазақтың туын желбіретіп шыққан жігіт туралы не білеміз? (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Еуропадағы гей-парадта қазақтың туын желбіретіп шыққан жігіт туралы не білеміз? (фото)

Рассказать Вконтакте

12 тамыз күні Прагадағы гей-парадта қазақтың туын желбіретіп шыққан жігіт comode.kz сайтына сұхбат берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Еуропадағы гей-парадта қазақтың туын желбіретіп шыққан жігіт туралы не білеміз? (фото)

Әмір Шайкежанов. Фото: comode.kz

ЛГБТ қозғалысының еліміздегі көшбасшысы саналатын Әмір Шайкежановтың гей-парадта бой көрсеткені елімізде қызу талқыға түскен болатын. Оның фотосын көрген еліміздегі гейлер мен лесбилер мұңын шағып, жарыса жазба қалдыруға кіріседі.

Мәселен, Алтынбек Әбдіғожин есімді гей азамат өзге гейлермен салыстырғанда жолы болғанын жазған.

"16 жасымда гей екенімді ұққанымда жолым болды. Себебі менен отбасым, достарым бұл таңдауыма бола теріс айналмады. Астанада тұрдым және гей ретінде тыныш өмір сүре алатыныма күмәнім болмады. Ауылда тұратын ата-анасы қатыгез гейлер де бар. Еліміздегі жағдайды өзгерту керек", - дейді Алтынбек.

Тағы оқыңыздар: Элиталы кешке төсі ашық көйлек киген Ләйлә Сұлтанқызы елді шулатты (видео)

Еуропадағы гей-парадта қазақтың туын желбіретіп шыққан жігіт туралы не білеміз? (фото)

Дегенмен Әмірдің әрекетін сынағандардың қарасы басым. Қалың көпшілік гейлер еліміздегі құндылықтарды жойып, рухани азғындыққа әкеледі деген пікірде. Тілшілер парадқа қатысқаннан кейін Әмірдің өмірі қаншалықты өзгергенін білу үшін, одан сұхбат алып көрді.

"Мен Қазақстан азаматымын және еліміздің экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан күшейгенін көргім келеді. Мәселені жасырғанмен, жағдай жақсара қоймайды. Мен қоғамның ашық әрі білімді болуы үшін және адамдар белсенді азаматтық ұстанымда болуы үшін өз үлесімді қосуды мақсат еттім.  Парадқа қатысқанымды адамдар әр түрлі қабылдады. Бірі қоқан-лоққы көрсетті, бірі тіл тигізді, мені қолдағандар да аз емес. Қоғам үнсіз қалмай, маңызды мәселеге қатысты өз ойын ортаға салып жатқаны қуантады... Мен болашақта айтарлықтай өзгерістер болады деп үміттенемін", - дейді Әмір.

Сіздің реакцияңыз
81
10
6
4
6
2
23
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel