RU

Алматыдағы элиталы кешке еліміздегі "ығай мен сығайлар" не киіп келді?

Кеше Алматыдағы Ritz-Carlton мейманханасында отандық элита өкілдері, актерлар мен актрисалар, сонымен бірге танымал тележүргізушілер бас қосқан L'Officiel Awards премиясын табыстау шарасы болып өтті. Шараға келген танымал тұлғалар тек қана қара көйлек киіп келуге міндеттелді. NUR.KZ порталы еліміздің бай-бағландарының аталған шараға киген көйлектерін назарға ұсынады.

Гүлжан Қарақұсованың күйеу баласы аталған шараға қара көк костюм киіп келіп, өзінің әдепкі айрықша стилінен айнымады.

Отандық шоу бизнесте актрисалығымен ғана емес, режиссерлік қырынан танылып жүрген Әсел Сәдуақасова болса, кеудесінде жырығы бар ұзын жылтыр көйлегін киіп келген.

Актер Санжар Мәдиев өзге ер-жігіттер сияқты қара костюм және қара галстукпен шектелді.

Тағы оқыңыздар: Ділназ Ахмадиева желіде "ұйғырсың" деп тиіскен тыңдарманын сотқа бермек

Айрықша көйлек киіп, басына бас киім киген әйелдердің де көйлегі ел назарына түсті.

Ал мына бойжеткен тіптен қыздың суреті бейнеленген дизайнерлік көйлек киіп, елден ерекшеленген.

Қара түсті дресс-кодты бұзып, аппақ костюм киіп келгендер де табылды.

Салтанатты шараға келген қыздар бірінен бірі өткен сұлулығымен ерекшеленді.

Аталған шарада ұйымдастырушы тарапынан үздік атанып, сыйлыққа ие болған актер Нұртас Адамбаймен суретке түсуге ұмтылғандар саны аз болмады.

Ал актриса Аружан Жазылбекова ерлер стиліндегі қап-қара костюм киіп келді. Әдетте нәзік образда киінуді ұнатанын актриса бұл жолы стилін біршама өзгерткен.

Актриса Әсел Сағатова да құрбыларынан қалмай, сыйлақ табыстау рәсіміне қонақ болды. Ол үсті ақ, асты қара ұзын көйлек киген.

Төсі ашық қара көйлек киген Ләйлә Сұлтанқызы да елдің назарын аударды.

Ол немерелері болса да, мінсіз мүсінімен ерекшеленетін Олжас Сүлейменовтің қызы Мәдинамен бірге елге сәлем жолдады.

Жәния Джуринская болса бұл жолы жабық қара костюм киіп келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1632346-almatydaghy-elitaly-keshke-elimizdinh-y.html