RU
Еліміздегі бай-бағландардың табысы күн санап төмендеп барады
Жаңалықтар Экономика және бизнес

Еліміздегі бай-бағландардың табысы күн санап төмендеп барады

Рассказать Вконтакте

Елімізде ірі бизнес өкілдерінің табысы азаюда. Әсіресе, ұлттық компаниялардың кірісі төмендеп қалған. Биылғы бірінші жартыжылдықтың көрсеткіштерін шығарған статистика комитетінің деректері осындай деп хабарлайды КТК арнасы.

Еліміздегі бай-бағландардың табысы күн санап төмендеп барады

Көрнекі фото: Entrepreneur

Айталық , Қазақстанның ірі және орта деңгейлі кәсіпорындарының сәуір-маусым айлары аралығындағы табысы 1,7 триллион теңгені құраған. Ол бірінші тоқсанмен салыстырғанда 18,2% пайызға кем. Тіпті өткен жылдың төртінші тоқсанындағы табыс көрсеткішінен де аз.

Тағы оқыңыздар: Қазақстанға Ресейдің Сыртқы істер министрі келе жатыр

Себебі, кәсіпорындар шығынды үнемдеймін деп жүріп, табыстың қысқаратынын болжай алмай қалған деген пікір бар. Екінші тоқсандағы жағдайдың мәз еместігі соңғы үш жылдық деректерден де көрінеді.

Сәуір-маусым аралығында әсіресе, ұлттық компаниялардың табысы азайған. Олар өз жобаларын жүзеге асыру жөнінен алдыңғы көрсеткіштерін айтарлықтай азайтып алған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
3
5
4
4
19
10
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel