RU
Анасынан аяусыз таяқ жеген шымкенттік жеті жасар балақайдың қазіргі жағдайы қалай?
Жаңалықтар Қоғам

Анасынан аяусыз таяқ жеген шымкенттік жеті жасар балақайдың қазіргі жағдайы қалай?

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстан облысында анасы аяусыз ұрып, өлім аузынан қалған 7 жасар Асыл Батталғазы бұдан былай балалар үйінде тәрбиеленеді. Ордабасы аудандық білім бөлімінің қызметкері Шымкенттегі №3 балалар үйіне әкеліп тапсырды деп хабарлайды Астана арнасы.

Анасынан аяусыз таяқ жеген шымкенттік жеті жасар балақайдың қазіргі жағдайы қалай?

Мінезі ашық Асыл келген бойда барлығымен тіл табысып кетті. Мамыр айынан бері ауруханада жатқан бала әлі де аяғын сылтып басады. Басына ота жасалған ол еркін сөйлей алмайды. Дегенмен, денсаулығы қазір бастапқы кездегіден әлдеқайда жақсарды, дейді мамандар.

"Аудандық комиссия, ол балалар үйіне орналастыратын болсақ, алдағы уақытта ары қарай балалар үйінде әрі қарай массаж жасату, оны оңалту орталықтарына жіберу, оны арнайы балалар үйіндегі психологтармен жұмыс жасау дұрыс болады, деп шешіп, сол комиссия сондай шешім қабылдады. Алдағы уақытта патронатқа, қамқорлыққа, жоқ асырап алуға үміткерлер болатын болса, бұл баланың жалпы құжаттары дайын", - дейді Ордабасы аудандық білім бөлімінің әдіскері Бақберген Сәрсенбеков.

Тағы оқыңыздар: Алматыдағы элиталы кешке еліміздегі "ығай мен сығайлар" не киіп келді?

Балалар үйінің әлеуметтік қызметкері Салтанат Айдарова Асылды алдағы аптадан бастап мектепке жіберетіндерін айтты. Егер ол жақта бала сабақты алып кете алмаған жағдайда, басқа амалдарды қарастырамыз деп отыр. Мұнда Асылдың аяғына массаж жасап, тіл мүкістігін түзеуде логопед мамандар қатар жұмыс істейтін болады.

"Бізде өзімізде арнайы мектеп бар, осындай балаларды оқытатын, сол жерде оқып, дамып, әрі қарата ойын, бәрін кеңітетін. Баланы сол жерге жіберіп, ал бірақ демалыс күндері бала бізде болады. Біздің өзімізде тіл мамандары бар, психологтар бар, дәрігер бар", - дейді Шымкент қаласы № 3 балалар үйінің әлеуметтік педагогы Салтанат Айдарова.

Айта кетейік, Асылдың анасына қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Оның қолындағы бір жасар қыздың тағдырын да сот шешеді. Ал білім бөлімі әдіскерінің айтуынша, баласынан заңды түрде бас тартып, аналық құқығынан айрылған келіншектің бүгінде тағы аяғы ауыр көрінеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
1
9
7
3
0
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір