RU
Астана тұрғыны атышулы Төлешовтің зәулім үйін музейге айналдыруды ұсынды
Жаңалықтар Қоғам

Астана тұрғыны атышулы Төлешовтің зәулім үйін музейге айналдыруды ұсынды

Рассказать Вконтакте

Астана тұрғыны мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп айыпталған шымкенттік бизнесмен Тоқтар Төлешовтің зәулім үйлерінің бірін музей жасап, табысқа батуға болатынын айтты, деп хабарлайды NewТimes.kz.

Астана тұрғыны атышулы Төлешовтің зәулім үйін музейге айналдыруды ұсынды

Тоқтар Төлешовтің зәулім үйлерінің бірі. Фото facebook.com

Елордалық азамат Серғали Балажан бұл туралы ойын желі парақшасында жария етті.

«Мына Тоқтар Төлешовтың үйінің ауласын түгел бұзып, енді ғимараттың өзін Білім басқармасына бермекші. Әдемі нәрсені неге бұзады? Вандализм.

Негізі осы үйдің бір тасын жылжытпай, музей істеп қойса, жергілікті бюджетке әжептеуір ақша түскен болар еді. Мемлекетті басып алмақ болған адамның қандай үйде тұрғанын көргісі келетіндер көп қой. Қару-жарақтарын, киімдерін, басқа да қызықты дүниелерін экспонат етіп қойып қой», - деп жазды Серғали Балажан.

Тағы оқыңыздар: Элиталы кешке төсі ашық көйлек киген Ләйлә Сұлтанқызы елді шулатты (видео)

Астаналықтың бұл ұсынысы желідегілердің талқысына түсті. "Бұзбай-ақ кәдеге жаратуға болмай ма?, "Былтыр бір ақпаратта көше түсетін жерді қоршап қойған, сол үшін бұзып жатыр деп еді ғой", "Бұзады, бұзуға ақша бөлінеді. Әйтпесе біреулердің қалтасына ақша түспей қалар" деп жазған желідегілердің арасында автордың мұнысын құнды ұсынысқа теңеді.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың басында бүкіл елді дүрліктірген арнайы операция кезінде құқық қорғау қызметкерлерінің қолына түскен шымкенттік бизнесмен Тоқтар Төлешовтың төрт зәулім үйі Шымкент қалалық әкімдігінің меншігіне өтетіні туралы хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
6
8
4
5
4
24
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel