RU

Алматылық отбасы "ұлымызды үйлендіреміз" деп екі жыл бойы жұртты тонаған

Талдықорғанда алаяқтық жасады деген күдікпен ауылдан келген үш адамды ұсталды деп хабарлайды Алматы облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Қылмыстық істің деректерінде жазылғандай, Көксу ауданынан келген ерлі-зайыптылар 25 жастағы ұлдарымен бірге соңғы екі жылда облыс орталығында алаяқтықпен айналысқан.

Тағы оқыңыздар: Демалыс күндері ел тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұр?

Қазіргі уақытта отбасының тоғыз алаяқтыққа қатысы бары дәлелденіп, жалпы сомасы 6 миллион теңге жымқырғаны анықталды.

"Ұсталғандар өте ұқыпты әрі жинақы әрекет еткен. Олар әр нәрсені сылтауратып, мәселен ұлымыз үйленгелі жатыр деп, азаматтардың сеніміне кіріп, автокөліктері мен малдарын иемденген, кейін сатып жіберген. Қазір қалалық полицияда тоғыз жәбірленушінің арызы бар", — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Полиция отбасының бүкіл мүшесін ұстады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1632735-ulyn-uylendiremin-dep-zhurtty-tonaghan.html