RU

Тікелей эфир аяқталғанша шыдап отырған тележүргізуші босанып қала жаздады (фото)

NBC арнасы тележүргізушісінің тікелей эфирде толғағы басталып кетті. Тіпті қағанақ суы кетіп қалған Натали Паскварелла шыдамдылық танытып, эфир біткенше сыр бермеген. Бұл туралы NUR.KZ порталы Vesti.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Эфир біте салысымен ол бірден емханаға тартып, көп ұзамай дені сау баланы дүниеге әкелген.

Тағы оқыңыздар: Үш жасар қызды "тірі құдайға" теңегендер әлемді дүрліктірді (фото)

Ол бұл жайт туралы тек бір айдан кейін елге айтып беріп, ағынан жарылды. Әріптестері оны нағыз білікті маман деп атап, мақтауларын жаудырған. Алайда жұмысына бола бала өміріне қауіп төндірген дұрыс емес деп сынағандар да табылды.

Натали баласына Джеймин деген есім берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1632788-telezhurgizushi-tikeley-efirde-bosany.html