RU
Балқашта жас келіншекті жабылып зорлағандарды жақтаған куәгердің өзі сотталып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Балқашта жас келіншекті жабылып зорлағандарды жақтаған куәгердің өзі сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Балқаш тұрғынын ұрлау және топпен зорлау ісіне қатысты куәгер жалған түсінік бергені үшін сотталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Балқашта жас келіншекті жабылып зорлағандарды жақтаған куәгердің өзі сотталып кетті

Жәбірленуші келіншек. Фото: Қарағанды қаласы ІІБ
Source: UGC

Бұл іс зорлықтың құрбаны болған Нұргүл Құсылбекованың баспасөз мәслихатындағы сөзінен кейін резонанс тудырып, тергеу барысы қолға алынған болатын.

Белгілі болғандай, зардап шегушінің танысы екі күдіктіні жақтап, жалған куәлік еткен. Жәбірленушінің сөзіне қарама-қайшы түсінік берген куәгер өз айтқанынан қайтпапты.

Тергеуші 36 жастағы әйелді Қылмыстық кодекстің 420-бабы «қасақана жалған куәлік ету» бойынша қылмыстық жауапқа тартты.

Тағы оқыңыздар: Алматылық отбасы "ұлымызды үйлендіреміз" деп екі жыл бойы жұртты тонаған

Іс Балқаш қалалық сотына беріліп, судья айыпталуышны кінәлі деп таныған және оның кәмелетке толмаған екі бала тәрбиелеп отырғанын ескеріп, оны шартты түрде 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Сондай-ақ, Құсылбекованың адвокаты сотталушылардан моральдық зардап үшін өтемақы өндіру туралы азаматтық өтінім берген. Талап етілген сома - 60 миллион теңге. Әр күдіктіден 30 миллион теңге талап етуде. Қазір сот тыңдалымы жабық өтіп жатыр.

Еске салса кетейік, осы жылдың ақпанында Балқаш тұрғыны Нұргүл Құсылбекованы екі ер адам аяусыз зорлап, зиратқа апарып, өзіне көр қазуға мәжбүрлеген еді.

Сіздің реакцияңыз
32
7
28
6
6
9
30
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel