RU
Оқушыға үш қойғаны үшін жұмыстан қуылған астаналық ұстаз жанайқайын жеткізді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Оқушыға үш қойғаны үшін жұмыстан қуылған астаналық ұстаз жанайқайын жеткізді (фото)

Рассказать Вконтакте

Ағылшын тілі пәнінен сабақ беретін астаналық ұстаз жұмысынан әділетсіз қуылғанын айтып, мұңын шақты. Бұл туралы NUR.KZ порталы Алматы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқушыға үш қойғаны үшін жұмыстан қуылған астаналық ұстаз жанайқайын жеткізді (фото)

Ұмсын Ербатырова. "Алматы" арнасынан кадр

30 жылдық еңбек өтілі бар мұғалім Ұмсын Ербатырова әдепсіз әрекет жасады деп айыпталып, жұмысынан қуылған. Қуып қана қоймай, әріптестерімнің алдында мазақ етті деген ұстаз әділеттік іздеп сотқа жүгінді.

Жұмысынан қуылған мектепте 11 жыл ұстаздық еткен Ұмсын бір рет те ескерту алып көрмеген екен.

"34 жыл еңбек еттім. 30 жыл ұстаздық жолымда 11 жылымды осы мектепке жұмсадым. Осы күнге дейін бір рет ата-ана немесе оқушы тарапынан менің үстімнен шағым түспеген болатын. Ал енді әдепсіз әрекетке бардың деп жұмыстан қуды. Әдепсіздік танытатындай мен ішіп-шегетін адам емеспін. Оқушыларға да балағат сөз айтып көрмеппін. Бір оқушыға үштік баға қойғаным үшін маған осындай қорлық көрсетіп отыр", - деп күйінді Ербатырова.

Тағы оқыңыздар: Сабақ оқып отырып "91" тобының әнін айтқан Тұрсынбектің қызы елді күлкіге қарық қылды

Мұғалімді жұмыстан қуған мектеп қызметкерлері журналистерге жауап беруден бас тартқан.

"Мен мұндай бапқа лайық емеспін. Екіншіден, мен өз еркімнен тыс жұмыссыз қалдым. Зейнетке шығуға екі жыл ғана қалғанда тіршілігіме қажет жалақысыз отырмын. Бұл дұрыс па? Өмір бойы еңбек терімді төгіп келгенде, керексіз болып қалдым. Олар мені ұнатпайтындықтан, жұмыстан баппен қуып шықты", - дейді Ұмсын.

Сіздің реакцияңыз
69
2
21
24
9
3
24
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel