RU

Сабақ оқып отырып "91" тобының әнін айтқан Тұрсынбектің қызы елді күлкіге қарық қылды

Еліміздегі ең танымал әзілкештердің бірі Тұрсынбек Қабатовтың қызы желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды. Ол ағылшын тілінде санауды үйреніп отырып атышулы "Ninety One" тобының әнін айтып кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Тұрсынбектің жұбайы Мөлдір өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында қыздарының видеосын жариялады.

Тағы оқыңыздар: Төрт жыл бойы бала сүйе алмаған отандық танымал жұп қиын күндерін есіне алды

Оқырмандарын қыран-топан күлкіге қарық қылған қызының қылығын әзілкештің жары "Ал, керек болса" деп бағалаған.

Мұны көрген желі қолданушылары бүлдіршіннің "әкесінен аумайтынын" айтып, жағымды пікірлерін үйіп-төгіп жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1632844-sabaq-oqyp-otyryp-91-tobynynh-anin-aytqa.html