RU
Ақтөбедегі су тасқынында отандық миллионерден үй алған қыздың бүгінгі өмірі қандай? (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбедегі су тасқынында отандық миллионерден үй алған қыздың бүгінгі өмірі қандай? (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысныда тұратын бесінші сынып оқушысы Махаббат Ешімова өткен жылы су тасқынынан кейін танымал болған. Билікке жанайқайын жеткізіп, жылаған қыз талай жұрттың жүрегін елжіреткен еді. Бүгінде Махаббатың қалай тұрып жатқанын Sputnik Қазақстан анықтады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Ақтөбедегі су тасқынында отандық миллионерден үй алған қыздың бүгінгі өмірі қандай? (фото)

Ешімовтар отбасы. Фото: Sputnik / Айгюзель Кадир

Жылаған қызды көріп, көңілі босаған кәсіпкер Қайрат Құдайберген отбасына пәтер сыйлаған болатын. Қыздың анасы бастапқыда БАҚ-та қызын оның рұқсатынсыз видеоға түсіргенін білгенде, ашуланғанын жасырмайды.

"Кейін қызымыздың жанайқайы тек біздің отбасына ғана емес, ауылдың өзге де тұрғындарына көмектескенін ұқтық", - дейді әйел.

Ақтөбедегі су тасқынында отандық миллионерден үй алған қыздың бүгінгі өмірі қандай? (фото)

Ешімовтар тұратын үй

Әйел көмек қолын созған кәсіпкерге кішігірім бір бөлмелі пәтердің өзі жеткілікті болатынын айтқан.

"Ол болса мүлде келіспей, үлкен отбасына үлкенірек үй керек деді", - деп есіне алады Тұрғангүл.

Ақтөбедегі су тасқынында отандық миллионерден үй алған қыздың бүгінгі өмірі қандай? (фото)

Алайда жаңа үйге көшкен Махаббаттың қуанышы су сепкендей басылады. Себебі, қызды қатарластары "жылауық" деп мазақтауға кіріскен.

Тағы оқыңыздар: Тікелей эфир аяқталғанша шыдап отырған тележүргізуші босанып қала жаздады (фото)

"Аулада маған "сен әлгі жылауықсың ғой. Саған 16 млн берді деп естідік" деген сөздер жиі айтады. Доппен ойнауға мүмкіндік бермейтін. Жыласам осындай доптың миллионын береді деп мазақ ететін", - дейді оқушы қыз.

Махаббат бұл жайттан кейін әлі күнге дейін кей қатарластарымен сөйлеспейтінін жасырмады.

Ақтөбедегі су тасқынында отандық миллионерден үй алған қыздың бүгінгі өмірі қандай? (фото)

Махаббат Ешімова

Ешімовтер жаңа үйге көшкенімен, жағдайлары ауыр екенін айтады. Отағасының денсаулығы сыр беріп, оған төрт рет ота жасалыпты. Орал Доспанбетов соңғы отасын 4 қыркүйекте жасатқан.

"Отадан кейін жатуың керексің деді. Алайда бір күні қарасам, аяғым қарайып кетіпті. Қозғалудан қалды", - дейді ол.

Күйеуіме талай дәрі ішуге тура келеді деп көзіне жас алған Тұрангүл бүгінде тіршіліктеріне мүлде қаражат қалмағанын алға тартты. Олар күйеуі екеуі жұмыссыз қалғанына жарты жылдан асыпты.

Ақтөбедегі су тасқынында отандық миллионерден үй алған қыздың бүгінгі өмірі қандай? (фото)

"Ақша жоқ. Қолымыздан келгенше тіршілік жасап жатырмыз. Көңілге тиетіні, тасқыннан кейін жергілікті билік бізге бір тиын да бермеді", - дейді әйел.

Ақтөбе әкімдігі тасқыннан зардап шеккен барлық жанға көмек берілгенін алға тартты. Ал Ешімовтер отбасында пәтері болғасын, оларға материалдық өтемақы беруге рұқсат жоқ екен.

Айгюзель Кадирдің материалынан аударылды

Фото: Sputnik / Айгюзель Кадир

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
29
10
19
40
14
6
28
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel