RU
Астана көшесінің қақ ортасында дәрет сындырған ер адам елдің ашуына тиді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Астана көшесінің қақ ортасында дәрет сындырған ер адам елдің ашуына тиді (видео)

Рассказать Вконтакте

Астанада өзгелерден еш қымсынбастан көшеде дәрет сындырған белгісіз ер азаматтың әрекеті елдің жиіркенішін тудырды деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.

Желіде тараған видеода ер азаматтың көшеде дәрет сындырып тұрған сәтін көруге болады. Видео авторының айтуынша, бұл Бөгенбай батыр даңғылында орын алған.

Ер адамның мұнысын көрген желідегілер оны жерден алып, жерге салды. «Адам емес, мал секілді. Тура соның маңында дүкеннің дәретханасы бар ғой», «Жабайы, жиіркенішті», «Мұндайлардың бейнесін үлкен баннерге іліп қою қажет, ел кім екенін танысын», «Адам емес қой. Тура сол маңда балалар ойнап жүреді», - деп ашынған желідегілер құқық қорғау қызметкерлеріне бұл азаматты дереу тауып алып, жазасын тартуды талап етті.

Тағы оқыңыздар: Анасынан аяусыз таяқ жеген шымкенттік жеті жасар балақайдың қазіргі жағдайы қалай?

Тіпті бірі дәрет сындырып тұрған азаматтың тұрысынан оны спирттік ішімдік ішіп алған деп болжады. Дегенмен көпшілік орында қажетін өтеген ер кісіні жақтағандар да табылды.

«Қала ішінде қоғамдық дәретхана жоқтықтан енді бүкіл Астана осылай былғанатын шығар», «Мүмкін ол сондай ауру шығар, ұзақ уақыт шыдап жүре алмайтын», «Адамды танып-білмей жатып кінә артпаңыздар» деп пікірін қалдырды әлеуметтік желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз
12
3
3
5
1
7
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel