RU

Алматыда джип көлігі жол жиегінде үш баламен тұрған әйелдің үстіне аударылып кетті (видео)

Алматыда екі көліктің соқтығысуы салдарынан жол талғамайтын автокөлік жол жиегінде үш баламен тұрған әйелге қарай аударылып кетті. Жол апаты бейне тіркеу камерасына түсіп қалып, қазіргі уақытта әлеуметтік желіге тарады.

Instagram парақшасындағы dorogi_k парақшасы қолданушыларының айтуынша, жол апаты кеше 28 қыркүйек күні кешке Өжет шағын ауданында орын алған.

Тағы оқыңыздар: Әйелі мен баласын қызметтік көлігімен тасыған әкімнің басы дауға қалды

Toyota Highlander автокөлігі BMW автокөлігіне жол бермей, соның салдарынан BMW көлігі джипке соғылады. Соққы алған джип жол бойында тұрған әйел мен балаларға қарай аударылып кеткен.

Ана мен оның балалары бетон блогы мен автокөліктің арасында қысылып қалады.

Жол апаты орнына төрт жедел жәрдем бригадасы жөнелтіліп, үш бала мен бір әйел адамға медициналық көмек көрсетілген. Балалар Жедел медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілді.

Тағы оқыңыздар: Оқушыға үш қойғаны үшін жұмыстан қуылған астаналық ұстаз жанайқайын жеткізді (фото)

Орталықтағы мамандар балаларды тексеріп, қорытынды шығарған.

"Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша, алған жарақаттары салдарынан бір бала жан сақтау бөліміне жатқызылды. Бүгінгі оның жағдайы ауыр", — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1633027-almatyda-dzhip-koligi-zhol-zhieginde-ush-b.html