RU

Ерке Есмахан бес жасар ұлымен бірге ел аралап, концерт қойып жүр (видео)

Бірнеше әндері "хит" болып, шығармашылығын қарқынды дамытып жатқан отандық белгілі әнші Ерке Есмахан енді ұлы Муслиммен бірге гастрольге шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бүл туралы әншінің өзі желідегі ресми парақшасында жариялады.

"Ақжайықтың ақжарқын көрермендері! Мың алғыс, жақсы көремін сіздерді! Бүгіннен бастап Муслим менімен гострольдетіп бірге жүреді біраз, Ақтөбеден қалмай еріп шықты!

Бастамасы жаман емес! Халықтың ықыласына бөленіп мәз! Түрінен білінбеседе, эмоциясының бәрі ішінде! Тұрысын-ай!

Әдейі емес, ойнап жүріп шыға салды саxнаға! Тиіспеңіздерші балаға! Бақытты болыңыздар!", - деп жазады Ерке.

Тағы оқыңыздар: Төрт жыл бойы бала сүйе алмаған отандық танымал жұп қиын күндерін есіне алды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1633194-erke-esmakhan-bes-zhasar-ulymen-birge-el.html