RU
Туысқан әпкесінің қоластында ақысыз жұмыс істеген алматылық азамат оны тонап кетті
Жаңалықтар Қоғам

Туысқан әпкесінің қоластында ақысыз жұмыс істеген алматылық азамат оны тонап кетті

Рассказать Вконтакте

Алматыда өзінің үш сыбайласымен туысқан әпкесін тонаған ер адамға қатысты үкім шығарылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Туысқан әпкесінің қоластында ақысыз жұмыс істеген алматылық азамат оны тонап кетті

Көрнекі сурет: sputniknews.kz

Істің материалдары бойынша, сотталушы өзінің туысының материалдық жағдайы туралы анық білген. Ара қатынасы бұзылған кезде ол туысқанын тонамақшы болып, өзінің досы мен тағы екі сыбайласымен бірге қылмыстық жоспар құрады.

Тағы оқыңыздар: Түркияда жол апатына түскен қазақстандықтар елге арнайы ұшақпен келуден бас тартты

Әйел адам жеке жұмыстарымен үйінен шыққан кезде, сотталушының біреуі үйді қарауылдап қалады, қалған екі адам терезені сындырып, пәтерге кіреді де, жалпы сомасы 20,7 миллион теңге болатын қаражатты жымқырған.Ұрлық жасаған төрт адам ұрланған ақшаны өзара бөліп алады.

Сотта әйел адамның туысы өз кінәсын толық мойындап, алты жыл бойы өзінің әпкесінің демалыс орнында басқарушы болып жұмыс жасап, өзінің атқарған қызметі үшін еңбекақы алмағанын айтады. Ол жұмыс беруші әйелдің өзіне ақша қарыз деп есептеп, ұрлыққа барғанын атап өтті.

Сот төрт адамды Қылмыстық кодекстің 188-бабының 4-бөліміне сәйкес айыпты деп танып, бас бостандығынан айырды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
15
5
8
4
16
3
27
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel