RU

Әйелін балғамен ұрып өлтірген журналист өлім жазасына кесілуі мүмкін

Дубайда әйелін өлтірді деген айыппен 61 жастағы британиялық журналист Фрэнсис Мэтью қамауға алынды. БАӘ заңы бойынша ол өлім жазасына кесілуі мүмкін деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Дубай полициясының ақпаратынша, Gulf News басылымының редакторы Фрэнсис Мэтью 62 жастағы жұбайы Джейнді балғамен ұрып өлтіріпті. Ал полицияға қылмысты үйін тонап кеткен қарақшылар жасағанын айтқан.

Тағы оқыңыздар: Туысқан әпкесінің қоластында ақысыз жұмыс істеген алматылық азамат оны тонап кетті

Алайда жауап алу барысында журналист әйелімен ақша мәселесіне байланысты сөзге келіп қалғанын мойындады.

Полицияның мәліметінше, артынша ер адам әйелін қалай өлтіргенін де айтып берген. Қылмысын жасыру үшін үйінің астаң-кестеңін шығарып, тонап кеткендей көрсетпек болыпты.

Айыптау тарапы британиялық журналисті өлім жазасына кесуді талап етпек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1633292-ayelin-balghamen-uryp-oltirgen-zhurnal.html