RU
Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалап жүрген "жалған" полицей ұсталды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалап жүрген "жалған" полицей ұсталды (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте полицейдің атын жамылып жүрген алаяқ ұсталды. Ол Ішкі істер органында жұмыс істейтін айтып бопсалап, қаладағы дүкендерді тонап отырған деп хабарлайды NUR.KZ.

Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалап жүрген "жалған" полицей ұсталды (фото)

Полицейдің атын жамылған алаяқ. Фото: NUR.KZ

Әр келген сайын алаяқ кәсіпкерлердің кассасындағы ақшаларын түгелдей алып кетіп, ұялы телефондарын қолды еткен. Дүкен иелерін бопсалау үшін ол жалған құжат көрсеткен.

Тағы оқыңыздар: Жерге жақын ұшқан тікұшақ алматылықтарды шошытты

Тәртіп сақшылары полицейдің атын жамылып жүрген алаяқты қылмыс үстінде құрықтап, тергеу абақтысына жеткізді.

"Полицеймін деп әр келген сайын кассадағы ақшаларды тонап кетеді. Өз үйінде жүргендей мұздатқышты ашып, екі дизи мен екі қорап темекіні алып кетеді. Екінші күні келіп, мұздатқышты ашып екі сыра алып, маған екі парламент беріңіз деді. Кейін толық аты-жөніңізді айтыңыз деп әңгімеге тартып тұрдым. Сүйтіп, полицейлерді шақыртып, ұстатып жібердік",- дейді тоналған дүкен иелерінің бірі.

Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалап жүрген "жалған" полицей ұсталды (фото)

Полицейдің атын жамылған алаяқ. Фото: NUR.KZ

Қылмыс үстінде ұсталған алаяқты тәртіп сақшылары Абай аудандық полиция бөліміне жеткізді. Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, күдікті азамат қазір тергеу абақтысына қамалған. Сотқа дейін тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
4
3
8
15
8
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір