RU
Талдықорғанда бір үйдің үш бірдей келіні ұры болып шықты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Талдықорғанда бір үйдің үш бірдей келіні ұры болып шықты (видео)

Рассказать Вконтакте

Талдықорғанда қалта ұрлығымен айналысатын үш келіннің біреуі тұтқындалды. Қалған екі абысын күдіктілер тізіміне ілініп, әзірше бостандықта жүр деп хабарлайды ҚазАқпарат Агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Талдықорғанда бір үйдің үш бірдей келіні ұры болып шықты (видео)

Қарақшы абысындар. Көрнекі фото: Интернет желісінен

Жақында ғана Талдықорған  қаласының орталық базарында күдікті Елена Козловскаяның ұрлық жасап жатқан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Көп ұзамай осы дерек бойынша зардап шеккен азамат қалалық ішкі істер басқармасына арызданды. Тәртіп сақшылары ізін суытпай күдіктіні қолға түсірді. Себебі азаматша бұған дейін де дәл осы сынды қылмыстары үшін істі болған.

Тағы оқыңыздар: Алматыға қыс келді: Шымбұлақта жауған алғашқы қардан аққала жасап қойды (фото)

Елена Козловская бөтеннің мүлкін ұрлау кезінде бірнеше рет сыртқы кейіпін өзгерткен. Мәселен,  бейнежазбаның біріне  түскен сәтте  ол жасанды шаш киіп және киімін ауыстырған. Тергеушілер Еленаның жалғыз еместігін анықтады. Бір қызығы оның сыбайластары өзінің абысындары болып шықты. Үшеуі де ағайынды сығандардың әйелдері.

«Елена Козловская, Максимова Евдокия, Ахметова Жанар атты  келіндер бәрі бірге тұрады. Бұлардың барлығы да қалта ұрлығымен айналысады. Қазіргі уақытта барлық іс шаралар жүргізілуде. Талдықорған қалалық орталық базарында жұмыс істейтін сатушыларға, барлықтарына сілтеме таратылған», -деді Талдықорған қалалық ІІБ бөлім бастығы Асхат Арапов.

Олар Талдықорған, Көксу ауданы мен Алматы қаласының қоғамдық орындарында ұзақ уақыт бойы ұрлық жасаған деген де ақпарат бар. Тергеушілердің сөзінше,  қалта ұрыларын ұстау оңай, ал қылмысын дәлелдеу қиын. Өйткені күәгерлер мен бейнежазба болмаса олар қылмысты мойындамайды екен.

 

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
59
8
12
3
5
3
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel