RU
Бұрынғы әйелінің бірнеше көңілдесі барын естіген азамат жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Қоғам

Бұрынғы әйелінің бірнеше көңілдесі барын естіген азамат жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Бүгінде елімізде ажырасқандардың саны артып келе жатқаны белгілі. Ажырасқан жандардың артында қаншама балалардың бұзылған тағдырлары қалатынын да психологтар айтып, дабыл қағуда. NUR.KZ порталына хабарласқан оқырман әйелімен ажырасып кеткелі жалғыз ұлын ойлап, маза таппай жүргенін айтты. Әйелі ажырасқаннан кейін бірнеше ер адаммен көңіл қосқанын естіген ол ұлының тәрбиесіне алаңдап, өз уайымын жеткізді.

Бұрынғы әйелінің бірнеше көңілдесі барын естіген азамат жанайқайын жеткізді

Ол біздің порталға хат жазып, проблемасымен бөлісті.

"Менің басымнан өткен оқиғамды айтып, елден ақыл-кеңес сұрамақпын. Азаматтық некедегі әйеліммен 5 жыл тұрып, ажырастық. Алайда ортамызда жалғыз ұл қалды. Ажырасып кеткеннен соң ол өзге бір еркекпен көңіл жарастырды. Онымен аз уақыт тұрып, тағы біреу тапты. Осылайша, ол бір жігіттен соң бір жігіт ауыстырды. Қазіргі таңда Рустам есімді бір жігітпен тұрады. Ол ұлымды жаттығу жасатқызып, бір сөзбен айтқанда оған бұйырып, ойына келгенін жасатады. Бұрынғы әйеліме оған неге бұлай істеуге мүмкіндік бересің десем, жігітіне ұлымызды тәрбиелеуге рұқсат бергенін, менің араласпауымды өтінеді. Ұлым апасы мен атасына ол жігіттен қорқатынын айтқан.

Ұлымды күнде бір еркек тәрбиелесе, ол қандай болып өспек.

Осыны естігенде қаным басыма шауып, өзімді ұстай алмай кетемін. Ол жігітті тауып, сөйлескі келеді. Бірақ Рустамды таппай жүрмін.

Біркүндік еркектің ұлымды тәрбиелегенін қаламаймын", - деп жанайқайын жеткізді ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
104
18
25
119
19
17
47
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір