RU
Жұмбақ өлім: Мәйіті табылған ақтөбелік кәсіпкердің туыстары полицияның сылбырлығына күйінді
Жаңалықтар Қоғам

Жұмбақ өлім: Мәйіті табылған ақтөбелік кәсіпкердің туыстары полицияның сылбырлығына күйінді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде мәйіті табылған кәсіпкердің туыстары полицияның сылбырлығын сынға алды деп хабарлайды КТК арнасы.

Жұмбақ өлім: Мәйіті табылған ақтөбелік кәсіпкердің туыстары полицияның сылбырлығына күйінді

Марқұм Ерхан Тілеуімбетов. Кадр КТК арнасы

Тілеуімбетовтер әулеті жоғалған жақынының артынан жоқтау айтып қаламыз деп әсте ойламаған. Осы күнге дейін Ерханның аман табылатынына үміттенді.

Тал түсте қарбыз сатып тұрған оны бір жарым ай бұрын базардан біреу келіп, ақ джиппен алып кеткен екен. Содан бері оны көрген ешкім жоқ. Ал ағайын-туыс іздеу шараларының жөнді жүргізілмегеніне қапалы. Бақылау камерасына түскен көлікті де таппады деп отыр.

"Полицияның қатысы бар деп ойлаймын. Неге олар жасырады? Неге олар қылмысты таппайды? Түн ішінде біреуді біреу қағып кетсе оны тауып алады ғой. Машина көрініп тұр. Нөмірі көрініп тұр. Адам түсіп тұр. Неге соны таппасқа екі айдан бері?", - дейді марқұмның нағашы әпкесі Сарыалтын Исаева.

Тағы оқыңыздар: Бұрынғы әйелінің бірнеше көңілдесі барын естіген әке ұлының тағдырына алаңдап, жанайқайын жеткізді

Қаскөйлер Ерхан Тілеуімбетовтың мәйітін Богословка ауылына барар жолдың жиегіндегі ағаштардың арасына тастап кеткен. Үймелеп жатқан ит-құсты көрген малшы осында бұрылып келеді.

Өлі дененің үстіңгі жағынан сау тамтығы қалмапты. Дереу тәртіп сақшыларына хабар берген де сол малшы екен.

Мәйіт далада ұзақ уақыт жатып қалғанға ұқсайды. Туыстары оны тек киімінен ғана таныған. Кісі қолынан қаза тапқан кәсіпкердің туыстарының күдігі күн өткен сайын көбейіп жатыр.

Мәйіттің табылғаны туралы марқұмның жақындарына тәртіп сақшылары жақ ашпапты. Аймақтағы ішкі істер департаменті өкілдері бұл оқиғаға қатысты мәлімдеме жасаудан бас тартып отыр. Тек адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны мәлім.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
32
6
14
29
15
3
47
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel