RU
Еліміздің көлік жүргізушілері бензин таппай сабылып жүр
Жаңалықтар Қоғам

Еліміздің көлік жүргізушілері бензин таппай сабылып жүр

Рассказать Вконтакте

Елімізде қымбаттаған бензин бекеттерден біртіндеп жоғалып жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Еліміздің көлік жүргізушілері бензин таппай сабылып жүр

Бензин. Көрнекі фото: businesstech.co.za

Мұнайды өндіретін де, өңдейтін де бірден-бір өңір - Атыраудың өзінде жанармай жоқ. «Мен» деген бекеттер бағаналардағы бағаны алып тастап, бос тұр. Ал мұны ұтымды пайдаланған кішігірім станциялар қордағысын «қара алтындай» қымбатқа сатып жатыр. АИ 92-ні 150 теңгеден, дизельді тіпті елде жоқ бағамен, яғни 199 теңгеге бір-ақ көтеріпті.

"Талонның кесірінен бағаны көтеріп жатыр өзіміз білеміз бұны. Оның бәрі енді жоғары жақтағылардың өздерінің жасап жатқан бизнесі деп ойлаймыз. 92-нің қол жетімді болғаны жақсы халық үшін", - дейді Атырау қаласының тұрғыны Әркен Ғаббасов.

Тағы оқыңыздар: Жұмбақ өлім: Мәйіті табылған ақтөбелік кәсіпкердің туыстары полицияның сылбырлығына күйінді

Семейде де ірі жанармай бекеттері бірауыздан келісіп алғандай. Бағаналарын жалаңаштап, теңізге тамшы тамызғандай отынды тек талонмен таратуда. Ал талоны жоқтары амалсыздан жаңа бағаға мойынсұнған. Тек қымбаттаған жанармайдың бүгін-ертең таптырмайтын түрі бар.

"Жанармай бағасы бір апта ішінде қымбаттап кетті. АИ-92, 93 маркалы бензин екі-үш теңгеге көтерілді. Оның өзін бекеттен таппай қиналып жатырмыз", - дейді Семей қаласының тұрғыны Болат Жүнісбаев.

Тараздың да жанармай құю бекеттерінің түбі көрініп тұр. Мұнда небәрі екі күнге жететін қор қалыпты. Оның өзі бірлі-жарым жерлерде ғана сатылуда. Алдымен қымбаттап, енді ада боп жатқан бензин төңірегіндегі түсініксіз жағдай жамбылдық жүргізушілердің әбден жүйкесіне тиген.

"Халықты ойлайтын ешқайсысы жоқ. Бензин таусылса жатамыз үйде болды", - дейді Тараз қаласының тұрғыны Әмірхан Жапаев.

Ал ауыр сынның астында қалған жергілікті атқамінерлер болса, болған жайтқа үйреншікті әлемдік мұнай бағасын емес, Энергетика министрлігін кінәлап отыр. Айтуларынша, өңірлерге отынды үлестіретін солар. Нақтырақ айтқанда, олар жалдаған жеке компаниялар. Ал соңғылары бензинді тамыр-таныстарымен теңдей бөлісіп алып жүр екен.

"Оларға былай айтқанда бәрібір. Олар облыстың жағдайын білмейді. Кім таныс немесе кім жақын соған бере салады. Бұл сұрақты жоғарғы жақтағы министрлік қайта қарап шешу керек. Бұрын министрлік берген көлемді біз жергілікті атқарушы орган үйлестіретін. Бұрынғы жүйемен бөлінсе мұндай тапшылық болмайтын еді деп ойлаймын", - дейді Жамбыл облыстық Энергетика басқармасы басшысының орынбасары Нұрбай Тілегенов.

Тағы оқыңыздар: Биыл тұмаудың қауіпті үш түрі тарауы мүмкін

Ал бекеттерден біртіндеп жоғалып бара жатқан бензиннің тапшылығын мамандар Павлодардағы мұнай өңдеу зауытының күрделі жөндеу жұмыстарына жабылуымен байланыстырып жатыр.

Жығылғанға жұдырық - көрші Ресей жанармай бағасын өсіріп жіберген. Салдарынан, Атырау, Тараз, Семей, Оралда жанармай тапшы. Ал қалған өңірлерлерде әзірге жағдай қалыпты. Баға өзгерсе де, бензин бар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
23
3
10
3
1
2
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір