RU
ОҚО-да ДСҰ 100 пайыз медициналық ақпараттық жүйемен қамтамасыз етілмек
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да ДСҰ 100 пайыз медициналық ақпараттық жүйемен қамтамасыз етілмек

Рассказать Вконтакте

ОҚО-дағы денсаулық сақтау ұйымдары 100 пайыз кешенді медициналық ақпараттық жүйемен қамтамасыз етілетін болады.

ОҚО-да ДСҰ 100 пайыз медициналық ақпараттық жүйемен қамтамасыз етілмек

Алдағы қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысындағы жедел медициналық көмек қызметін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында бірыңғай Call-орталығымен планшет арқылы байланыспен жабдықталған 74 бірлік санитарлық автокөлік жұмысын бастайтын болады. Аталған жаңа жүйе әрбір медициналық көмек бригадасына науқасқа жету уақытында онлайн режимде пациент туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бүгін бұл туралы қаладағы №4 облыстық перинаталды орталығында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев бастаған жұмысшы топ алдында баяндама жасаған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұхан Егізбаев мәлім етті.

ОҚО-да ДСҰ 100 пайыз медициналық ақпараттық жүйемен қамтамасыз етілмек

Облыстың медициналық ұйымдарын кешенді медициналық ақпараттық жүйемен қамтамасыз ету мақсатында екі кезеңде жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Бірінші кезеңге сәйкес, жыл басынан бері облыстың 35 амбулаториялық-емханалық ұйымында медициналық ақпараттық жүйе орнатылған. Екінші кезеңге сәйкес жылдың соңына дейін 68 медициналық ұйымда медициналық ақпараттық жүйе құру жоспарланып отыр.

ОҚО-да ДСҰ 100 пайыз медициналық ақпараттық жүйемен қамтамасыз етілмек

«Облысымызда кешенді медициналық ақпараттық жүйе қолданысқа енгізілуде. Бұл жүйені іске асыру үшін біз компьютерлік техниканың 8582 бірлігін сатып алдық. Жылдың соңына дейін облыстың барлық медициналық ұйымдары 100 пайыз компьютермен жабдықталатын болады. Яғни, бірыңғай сервер медициналық ұйымдарды пациент туралы электрондық ақпарат алмасу үшін байланыстырады. Жинақ ақпарат автоматтандырылған түрде жергілікті атқарушы органдардағы ситуациялық орталығына түсіп отырады», - дейді Мұхан Егізбаев.

Жаңа жүйе қоланысқа енсе, қағаз түріндегі құжат айналымы азайып, науқастардың медициналық ұйымдары арасында бостан-бос жүруін едәуір қысқартады. Сондай-ақ, облыс халқы республикада алғашқылардың бірі болып, электрондық денсаулық паспорттарына қол жеткізбек.

Биыл облысымызда модульдік яғни құрамалы медициналық пункттерді сатып алу жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін 20 модульдік медициналық пунктер ел игіліне берілмек. Осындай бір пункттің құны жергілікті бюджет үшін құрылыс салуға қарағанда екі есе арзанға түседі. Мәселен, құрылыс жүргізуге 2 жылдай уақыт кететін болса, модульдік медициналық бектерді 2 ай ішінде құрастырып, тұрғызуға мүмкіндік бар. 2018 жылы облысымызда дәл осындай құрамалы медициналық пункттердің саны 67-ге жеткізілмек. Аталған жоба толық іске асса, облыстың медициналық пункттерге деген қажеттілігін қысқа мерзімде 100 пайызға өтеуге мүмкіндік туғалыт отыр.

ОҚО-да ДСҰ 100 пайыз медициналық ақпараттық жүйемен қамтамасыз етілмек

Облысымызда ана өлім–жітімінің көрсеткіші ағымдағы жылдың 8 айында 44 пайызға төмендеген. Сондай-ақ, нәрестелер өлім–жітімінің көрсеткіші соңғы 5 жыл ішінде серпінді түрде төмендеп келеді. Өйткені, өңірде балалар мен босанатын әйелдерге жәрдем беру мақсатында медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісі қолданысқа ендірілді.

Атқарылған жұмыстарға оң баға берген Үкімет басшысы жедел медициналық көмек қызметін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатындағы жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel