RU
Үкімет басшысы Оңтүстіктің дамуының әлеуетті бағыттары бойынша жиын өткізді
Жаңалықтар Қоғам

Үкімет басшысы Оңтүстіктің дамуының әлеуетті бағыттары бойынша жиын өткізді

Рассказать Вконтакте

Бүгін Шымкенттегі «Көрме» орталығында премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен туризм және кәсіпкерлік салаларының даму мәселелері мен жұмыспен қамту, еңбек ресурстары бойынша жиын өтті.

Үкімет басшысы Оңтүстіктің дамуының әлеуетті бағыттары бойынша жиын өткізді

Отырысқа еліміздің бірқатар министрлері мен солтүстік облыстары әкімдерінің орынбасарлары, аудан-қала әкімдері, басқарма басшылары мен кәсіпкерлер қатысты.

Мәжіліске қатысушыларды күн тәртібімен таныстырған Үкімет басшысы Елбасының тапсырмасымен Оңтүстік Қазақстанға жасаған жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар өндіріс орындарын аралап, жұмысымен танысқанын айтты. Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамту жайын сөз етіп, көші-қондағы қолдау мәселесін атап өтті.

Үкімет басшысы Оңтүстіктің дамуының әлеуетті бағыттары бойынша жиын өткізді

«Оңтүстік өңірінің халқы іскер, оларды үйретудің қажеті жоқ. Тек қана жұмыстың жобасын көрсетсең, өздері алып кетеді. Облыстың өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоғары. Бау-бақшаны дамыту саласы бойынша да шаруаны алға қарай алып кете алады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін беріліп жатқан көмектер жеткілікті ма, қосымша заңдарды қайта қарастырып, сол арқылы көмек қажет па, сол жағын қарастыруымыз керек», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Үкімет басшысы Оңтүстіктің дамуының әлеуетті бағыттары бойынша жиын өткізді

Сонымен бірге, Премьер-министр оңтүстіктен солтүстік аймаққа көшу мәселесіне де тоқталды. Бұл бағытта жүйелі жұмыстардың атқарылу барысын сөз еткен Бақытжан Сағынтаев көшіп барған азаматтарға жер беру, оларды тұрақты жұмыспен, баспанамен қамту қажеттігін атап өтті. Әсіресе, іскерлік қабілеті жоғары шаруалар мен кәсіпкерлерді жіберу қажеттігін айтты.

Бұдан бөлек, жиында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев туризм және кәсіпкерлік салаларында атқарылған жұмыстар жайын баяндады. Мемлекет басшысының саясатының арқасында облыстың дамуы үшін барлық мүмкіндіктер жасалып жатқанын айтқан аймақ басшысы өңір халқының тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін алға қойған міндеттер орындалуда деп мәлімдеді.

«Облысымызда индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы сәтті жүргізілуде. Бағдарлама аясында жалпы 208 млрд теңгеге 162 жоба іске асырылып, 9,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 2017 жылы 5 жоба іске қосылып, 2,3 млрд теңге инвестиция тартылды. Бүгінгі таңда іске қосылған жобалардың 94%-ы жоспарлық қуаттылықты игеріп, 71 млрд теңгенің өнімін өндірді. Елбасының ауыл шаруашылығын экономикалық дамудың жаңа драйверіне айналдыру жөніндегі тапсырмасын орындау нәтижесінде өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,9%-ға артып, 257,4 млрд теңгені құрады. Қазіргі кезде облыста қолайлы бизнес климатты қалыптастыру және кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін барынша жағдай жасалуда»,- деді Ж.Түймебаев.

Үкімет басшысы Оңтүстіктің дамуының әлеуетті бағыттары бойынша жиын өткізді

Өңір басшысы мұнымен қоса облыста «Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың» мемлекеттік бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін 158 кооператив ашылғанын хабарлады. Ауыл шаруашылығы саласына бағытталған инвестиция көлемі 21,8 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,5 есеге артқан. Аймақ басшысы осы саладағы ілкімді істердің бірі - биыл Шымкент механикалық зауытының базасында модульдік сүт қабылдау бекеттерін жинау өндірісі басталғанын айтты. Бүгінгі таңда 15 модульдік сүт қабылдау бекеті кооперативтерге қосымша кепілсіз және алдын ала төлемсіз несиеге берілді. Айта кету керек, бекеттің құнының 50 пайызын субсидия ретінде мемлекет төлейді.

Басқосуда облыс әкімі Оңтүстік Қазақстан облысында туристік саланың да тұрақты дамып келе жатқанын мәлімдеді. Облыста туристік нысандар саны 195 бірлікті құрап, тиісінше 31 пайызға өскен. Мұнда көрсетілген қызмет көлемі 1,7 млрд теңгені құрап, 43 пайызға артқаны байқалады. Биыл облысымызға 128 мың турист келіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 55,3 пайызға көбейген.

Үкімет басшысы Оңтүстіктің дамуының әлеуетті бағыттары бойынша жиын өткізді

Келелі жиын соңында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Көрме» орталығына қойылған тауар өндірушілердің көрмесін тамашалады. Онда 69 кәсіпкер текстиль, тағам өнеркәсібі, құрылыс және машина жасау саласындағы өз өнімдерін ұсынды. Делегаттар көрмеде дәрілік препараттар, медициналық құралдар, құрылыс тауарлары мен азық-түлік өнімдерін тамашалады. Сонымен қатар Үкімет басшысы модульді сүт қабылдау бекеттері мен әлеуметтік дүкен үлгісімен танысты. Премьер-Министр бұл жобаларды жоғары бағалап, әрі қарай дамытуды тапсырды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
1
3
1
4
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel