RU

Оңтүстікте жеті жасар қызға азғындық әрекеттер жасаған 63-тегі педофил сот алдына келді

Оңтүстікте жеті жасар қыздың әуретті жерін сипалаған педофил 15 жылға сотталды. Азғындыққа барған азамат өзінің жиендеріне сексуальды сипаттағы іс әрекеттер жасаған.

Сұмдық жағдай Созақ ауданындағы ауылдардың бірінде болған. 63 жастағы ер азамат, тусының үйіне қыдырып келеді.

Қонақта отырып ол өзінің туысымен алты стақан арақ ішіп, масайып қалады. Сөйтіп, көрші бөлмеде жатқан үш жеткіншектің қасына жатып, тиісе бастайды.

Тағы оқыңыздар:Бөксесін үлкейтпек болған екі баланың анасы тіл тартпай кетті (фото)

Осы кезде төсекте жатқан екі бала ата-анасының қасына кетіп қалады. Арам ісін одан әрі жалғастырған азғын төсекте жатқан жеті жасар қызды қорқытып, оны әуретті жерін сипалайды.

Созақ аудандық ІІБ жеткіншектерге азғындық көрсеткен азаматтың үстінен Қылмыстық кодекстің 124 бабының бірінші бөлігімен іс қозғаған.

Бұл істі қараған ОҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты педофилді 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1633750-onhtustikte-zheti-zhasar-qyzdynh-auretti.html